Фото: ашық дереккөзден
Алаяқтық ісі бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылып, соның төрт жылын өтеп, бостандыққа шыққан экс-кәсіпкер Гүлзада Сәлім түрмеде Қуандық Бишімбаевты көргенін, араласып тұрғанын мәлімдеді, деп жазды Bilgen durys youtube-арнасы.
Мен түрмеге 9 желтоқсанда түссем, ол қаңтардың 10-да бір айдан кейін түсті, оны түрмеде көріп тұрдым. Қуандық – сауатты жігіт.
Салтанатты өлтіргенін естігенде өте ауыр қабылдадым, сенбедім.. Не үшін осындай жағдай болады деп ойланып көрдім.
Меніңше, бұдай қатігездікке өзін жүз пайыз гармонияда сезінбеген адам барады, яғни қасындағы жақын адамына, өз әйеліне қол жұмсайды.
Салтанат кешірімді болған, бірақ шыдап жүрген. Ол бұған дейін Қуандықтан өзін қорғай алатынын көрсете алса ғой… Бұл жағдай орын алмас еді.
Бұл ретте, тағы айта кететіні Бишімбаев анасының бақытсыз болғанын көрді ме, әкесі бәлкім осындай қатынас құрды ма? Сұрақ көп,
деді ол.
Айта кетейік, бұрынғы министр өзінің 1 жыл бұрын сүйіп қосылған жарын елордалық мейрамханалардың бірінде аямай соққыға жығып өлтірді. Екі айға қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал Салтанат Нүкенованың туыстары куәгерлерді байланысқа шығып, көмек көрсетуін сұрайды. Себебі, Қуандық Бишемаевтың қолы ұзын. Ол блогерлер мен кейбір журналистерді ақшаға сатып алып жатыр деген мәлімет тарады. Яғни, өзінің қылмысын барынша жеңілтедуге тырысып жатқан сияқты. Қайтыс болған қызды қаралап, өсек-аяңдарға жол беріп жатқан кейбір азаматтар халықтың ашуына тиіп отыр. 31 жастағы қыздың өлімінен соң, Қазақстан әйелдері жаппай наразылық шерулерін бастап кетті. Оларды беделді ер азаматтар да қолдап, челлендж бастады. Алдағы уақытта Салатант Нүкенованың басына «зорлық-зомбылық құрбаны» деген ескерткіш орнатылуы мүмкін. Себебі дәл осы жағдайдан соң қыздар мен әйелдер енді үндемейтін болды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…