Оқиға

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оқиғаға қатысты пікір білдірді

Күні кеше екінші әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Назым бірнеше жыл бұрын Қуандық Бишімбаевпен ресми түрде ажырасқанын растады. Оның айтуынша, оқиғаға байланысты оған көптеген қоңырау түскен.

Иә, бұл қорқынышты, түс сияқты. Қоңыраулар түскенде, не болып жатқанын мүлде түсінбедім… Есеңгіреп қалдым,

деді Назым.

Назымның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевпен ресми некеде 14 жыл тұрған. Ерлі-зайыптылар 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққаннан кейін бір жылдан соң ажырасқан. Олардың үш баласы бар.

Біз 2020 жылдың 5 қазанынан бастап ресми түрде ажырасқанбыз, бірге тұрған жоқпыз. Біз балаларымызға қатысты тақырыппен сирек араласатынбыз. Балаларға көмектесіп тұрды, бірақ соңғы жылдары өте сирек араластық. Бұл – қайғылы оқиға. Салтанаттың отбасына көңіл айтамын,

деді Назым.

Айта кетейік, 9 қараша күні экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, қамауға алынды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago