Қоғам

Бишімбаевтың жазадан құтылуына жол бермейміз – депутат

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өршіп тұрғаны жасырын емес. Бұл қылмыстың түп-тамыры тереңде. Оның себептері отбасындағы материалдық қиындық, әлеуметтік проблема немесе құқықтық сауатысыздық деуге болмайды.

Соңғы мысалдардың бірі танымал экс-министр ісі болды. Сот болмай тұрып, фамилиясын атамай-ақ қояйын. Жас әйелін аяусыз, жауыздықпен өлтіріп, тәулік бойы жасырын ұстағанын естіп, қалай ғана білімді, сауатты, жағдайы жеткілікті, жақсы ортадан шыққан бала осындай ауыр қылмысқа барды екен деп таңғалдық.

Жай ұрыс-керіс болса, құқық қорғау органдары өзі шешер деп қоюға болады. Ондай жағдай отбасыларда болып тұрады. Өкінішке қарай жылдан-жылға көбеюде.

Соның өзі ойландырады. Қалай азайтамыз, жауапкершілікті қатаңдатамыз деп Мәжіліс депутаттары бастама жасап, Заңға өзгерістер енгізіп жатырмыз.

Жазаны күшейтумен бірге қоғамның санасын өзгерту маңызды – кешіріммен қарауды, қылмыскерлерді ақтауға бәріміз бірге қарсы шығуымыз керек.

Қыздарымызды ұрып-соғудың ғана емес, психологиялық зорлық әрекеттерінің алдын алу, кішкентай қыздарға жыныстық әрекет жасағанды ауыр қылмыс ретінде бағалап, жауапқа тартуды ұсынып жатырмыз.

Қоғам біздің әрекетті қолдап жатқанын байқаймыз.

Зорлық көрсеткен адамға еш аяушылық болмауы керек деп ойлайсың ғой.

Әрқайсымыздың қарындастарымыз, қыздарымыз, немесе немерелеріміз бар – қорғауымыз керек.

Осы Зорлық-зомбылық туралы заңды қатайтуға экс-министрдің жасаған қылмысы тікелей әсер етті. Азаматтар петицияға қол жинап, ешкім аты-фамилиясын, қызметін пайдаланып, жауапкершіліктен қашпау керек деген талап қойып жатты.

Бірақ соңғы кезде байқағаным, көптің наразылығын туғызған аса жауыздықпен адам өлтірген қылмыскерді де ақтап алуға тырысқандар табылып жатыр. Олар аяқ-қолын жерге тигізбей, оның білімді, іскер маман, қамқор күйеу екенін айтып, алтын балаға теңеген болатын.

Қылмыскерді ақтауын былай қойып, қолынан қаза тапқан жас қызға күйе жағуға талпынғандар да болды. Алайда халық ақымақ емес. Адам өлімі болды ма – оған нақты адам айыпты.

Сондықтан ақылға қонымсыз сөздермен қылмыскерді ақтауға тырысу тым орынсыз.

Заң жобасын қарау жұмыс тобындамын. Мәжілісте қарау кезінде кейбір азаматтар алаңдауын білдіріп жатыр – қылмысы жайлы жаңалықтар тоқтап, іс жабылған сияқты болған. Жауапкершіліктен босап кетпей ме, байланыстарын пайдаланып деп. Олай ойлаудың қажеті жоқ, бұл жағдай қоғамның назарында, сот ісі әлі аяқталған жоқ. Жақында ғана заңгерлер істің жай-жапсарымен танысып, материалдарды қарап бітті деген ақпарат шықты.

Бірақ осы тұста қылмыс жасады деген күдіктінің жақындары қайтадан ақпараттық құралдарды, әлеуметтік желілерді іске қосып, экс-чиновникті ақтап алуға тырыспау керек.

Біз оған қоғам болып жол бермейміз!

Бұл істің ары қарай қалай өрбитінін мен де, сіз де, бәріміз қоғам болып бақылап отыруымыз керек.

Себебі қылмыскердің қолынан қайтыс болған жас қыз өлімі елдегі үлкен мәселенің бетін ашып кеттті.

Бұған дейін де жарынан таяқ жеп, арқа сүйері болмаған соң іштен тынып жүрген әйелдер көп болатын.

Егер бұрын министр болған қылмыскер, өз мүмкіндігіне сүйеніп жазадан құтылып кететін болса, заңға үміт артып отырған қаншама әйелдің сағы сынады.

Қоғам Жаңа Қазақстанның әділдігі осы ма деп сенімін жоғалтады.

Мен заңгер әрі Мәжіліс депутаты ретінде қылмыскердің лайықты жазасын алатынына сенемін әрі бақылаймын.

Себебі Әділетті Қоғам құрамыз десек, таныс-тамыр деген түсініктен толығымен арылып, тек заң аясында жұмыс істеуіміз керек.

Әрине, сот алдында тағы да қылмыскерді ақтап алуға тырысатындар табылатыны сөзсіз. Бірақ нақты дәлелдер бар жерде олардың сөздерінің салмағы болады деп ойламаймын.

Жалпы, алдағы кезде осындай қылмысты ақтауға тырысатын кез келген танымал азамат, БАҚ өкілдері кемінде қоғаммен айыпталы керекк деп ойлаймын. Бүгін тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, кісі өлтірген күдіктіні ақтап отырса, ертең өзі сол істі қайталамасына кепілдік бар ма?

Сондықтан өз тарапымнан сот процесі ашық түрде жүреді деп күтемін. Сот процесінің өту барысын бастан аяқ қадағалап, қандай да бір «бармақ басты, көз қысты» фактілеріне жол берілмеуін бақылап отыратын боламын.

Бір әулеттің бағып-қағып еркелетіп өсірген сүйікті қыздары өлімі бекер болмас үшін заңның қатаң сақталып, қылмыскердің жазалануын қоғам болып талап етуіміз керек. Сонда ғана Әділетті Қазақстанға жететін боламыз.

Әрбіріміздің анамыз, қарындасымыз, досымыз, қызымыз бар екенін ұмытпайық! Олар қауіпсіз қоғамда өмір сүруі үшін зорлық-зомбылық көрсеткен әр адам әділ жазасын алуы керек.

Мұрат Әбенов, Мәжіліс депутаты, Отбасында зорлық зомбылыққа қарсы Заң жобасының жұмыс тобының мүшесі.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

6 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

7 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago