Categories: Қоғам

Биыл 143 мектеп ашылады – Смайылов

«Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы аясында 2026 жылға дейін 7-8 мың оқушыға арналған 368 жаңа мектеп ашылады. Оның ішінде биыл 216 мектептің құрылысы басталып, келесі жылы беріледі.

Биыл Ұлттық жобадан тыс, басқа қаржыландыру көздерінен 143 мектеп ашылады. Осы ретте мәслихаттар тарапынан да құрылыс барысы мен пайдалануға берілуін бақылау маңызды.

Смайылов атағандай, Үкімет пен жергілікті органдардың негізгі міндеттерінің бірі – бағаны тұрақтандыру.

Биыл мамыр айында инфляция 21 пайыздан 15,9 пайызға дейін баяулады. Біздің алдымызда жыл соңына дейін инфляцияны екі есеге дейін төмендету мақсаты тұр. Өткен жылы 44 салада бизнес үшін 10 мыңнан астам негізсіз талап анықталды. Оның 9 мыңнан астамы жойылды. Қалған 1 мыңға жуық талап заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін жойылады.

Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінен Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері саяси іс-шараға жиналды. Бүгінгі Форумға жалпы 2500-ден астам партияластар қатысып жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago