Categories: Қоғам

Биыл қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алғаны белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (52,4 пайыз) Өзбекстаннан, 19,3 пайыз — Қытайдан, 6,3 пайыз — Түрікменстаннан, 5,3 пайыз — Моңғолиядан, 13 пайыз — Ресейден және 3,7 пайыз басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9 пайыз), Маңғыстау (13,9 пайыз), Түркістан (6,8 пайыз) және Жамбыл (5 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0 пайыз), Астана (11 пайыз) және Шымкент (6,5 пайыз) қалаларына қоныстанды.

Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны — 69,1 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші — 22,3 пайыз және зейнеткерлер — 8,6 пайыз.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5 пайызы жоғары білімді, 39,9 пайызы орта кәсіби білімді, 36,7 пайызы жалпы орта білімді және 4,8 пайызының білімі жоқ.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago