Биыл Қазақстанға әуе билетін сатып алу екі есе өсті

2022 жылғы жазда Қазақстанға келген туристер ағыны айтарлықтай өсті. Aviasales.kz зерттеуі бойынша, биыл шетелдіктер елімізге келу үшін былтырғы жылдың осы кезеңіне қарағанда билеттерді екі есе көп іздеп, брондаған.

Елімізге бәрінен де Ресей, Түркия, Германия, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Чехия азаматтары көп келеді.

Aviasales.kz аналитиктері мәліметінше, былтырғы жазбен салыстырғанда ресейліктер арасында Қазақстанға билетке сұраныс 95%-ке, немістер арасында 85%-ке, түріктер арасында 43%-ке артқан. Беларусь Республикасы мен Чехияда сұраныс сәйкесінше 60%-ке және 16%-ке өсті. Ал көрші Өзбекстанда Қазақстанға билетке сұраныс 25-%-ке төмендеген.

Билет бағасы да өзгерген. Ресейден Қазақстанға 2022 жылғы жазға арналған билеттердің орташа құны 160 457 теңге болды. Бұл былтыр дәл осы уақыттағы бағамен салыстырғана 32% қымбат. Ал өзбекстандықтар алатын билет бағасы керісінше арзандаған. Олардың орташа құны 38%-ке төмендеп, 66 495 теңге болды.

Басқа елдерден Қазақстанға алынатын билет бағасы қымбаттады. Германиядан елімізге қарай алынатын билеттер 61%-ке қымбаттап, қазір орташа есеппен 258 756 теңге болып тұр. Ал Түркиядан бар болғаны 8%-ке қымбаттап, қазір орташа құны 122 391 теңге болып отыр.

Ресейліктер Қазақстанға алынатын билетті іздеу, брондау бойынша көш бастап тұр. Қазақстанға билет іздейтін ресейлік қалалардың қатарында Мәскеу, Санкт-Петербург және Новосибирск бар.

Рейтингідегі басқа елдерге келсек, немістер билетті негізінен Франкфурттен, ал түріктер, чехтер, беларусьтар билетті елордасынан іздейді.

Күзде бұл сұраныс арта түсетіні байқалады. Қазақстанға күзгі саяхатқа қызығушылық танытқан елдер қатарында Ресей, Түркия, Германия, Грузия, Өзбекстан, Беларусь Республикасы және Оңтүстік Корея бар.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago