Қоғам

Биыл елімізде жылыту кезеңі 1 қазанда басталады

Елімізде жыл сайын 10 мыңнан астам өрт тіркеледі, нәтижесінде 300-ден астам адам қайтыс болады. Осы ретте өрттер мен қаза тапқандардың негізгі бөлігі тұрғын үй секторында тіркелген. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл 1 қазанда республика бойынша жылыту кезеңі басталады. Қазірдің өзінде елімізде 7 560 өрт тіркеліп, 229 адам қаза тапты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өрттің болуы 6,8 пайызға және адамдардың қаза болуы 6,5 пайызға көбейген.

Марғұлан Топашұлының айтуынша, өңірлердегі өрттің болуы Абай облысында 46 пайызға, Алматы облысында 33, Қостанай облысында 26, Жамбыл облысында 20 пайызға артқан.

Өкінішке қарай, бүгінде тұрғын үй секторларында жарақат алу фактілері тіркелген. Семей қаласында тек қыркүйектің 9-19-ы аралығында отынмен жылытатын пешті пайдалану ережелерін бұзғандықтан 4 адамның уланып, ауруханаға жатқызылғаны туралы 2 факт тіркелді.

Азаматтарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды түсіндіру әдістерінің бірі – алдын алу жұмыстары. Министрліктің бөлімшелері жыл бойы республика бойынша кең ауқымды үгіт-насихат іс-шараларын өткізеді.

Өткен жылдардағы тәжірибеден жылыту кезеңі басталғанға дейін республикалық өрт қауіпсіздігі акциялары өткізілуде. Азаматтарға жылыту жүйесі мен пештердің құрылысын қалай әрі қай уақытта жөндеу керектігі түсіндіріліп көрсетілуде. Мұндай жұмыс азаматтар мен олардың туыстарын қорғауға мүмкіндік береді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago