Экономика

Биыл көмір 11% қымбаттады

Өндіріс 2% азайды.

2023 жылдың қаңтар–қазан аралығында елімізде қоңыр көмір мен көмір концентратын қосқанда 95,3 млн тонна тас көмір өндірілді. Бұл былтырғыдан 1,5% аз. Өндірілген тас көмірдің өзі 88,3 млн тонна. Қоңыр көмір (лигнит) өндірісі 4 млн тоннаны, көмір концентраты өндірісі — 3 млн тоннаны құрады.

Республикадағы көмір өндірудің 91,5%-ы негізгі тау-кен өндіруші аймақтар Павлодар және Қарағанды облыстарының үлесіне тиді. Павлодар облысында 56,6 млн тонна көмір (былтырғыдан 1% артық), Қарағанды облысында 30,6 млн тонна көмір (бір жылда 2,5% азайған) өндірілді.

Толық 2022 жылы елде 117,8 млн тонна көмір өндірілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,4% артық.

Биыл қаңтар–қыркүйек қорытындысы бойынша Қазақстан 538 млн АҚШ долларына 20,1 млн тонна көмір экспорттады. Физикалық түрде төмендеу 19,7%, ақшалай түрде — 28,5%.

ТМД елдеріне 13,3 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл былтырғыдан 15,7% аз. Оның басым бөлігі солтүстік көршіміз Ресейге жіберілді: 11,8 млн тонна, бір жылда 20% азайған. Қазақстандық көмірді импорттаушы алғашқы үштікке Қырғызстан мен Өзбекстан да кірді.

Әлемнің қалған бөлігіне 6,7 млн тонна көмір жөнелтілді — бұл былтырғымен салыстырғанда 26,6% аз. Ақшалай есептегенде экспорт 28,9%, 379,3 млн АҚШ долларына дейін қысқарды. Мұнда ҚР-дан көмірді негізгі импорттаушылар Польша, Латвия және Түркия.

Сонымен бірге, мысалы, Абай атындағы «Қаражыра» көмір кеніші Украинаға көмір экспорттауын тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz. Себебі соғыс. Бұған дейін жеткізу жылына 200 мыңнан 600 мың тоннаға дейін болатын. Компания РФ арқылы Польша мен Беларуське көмір экспорттау кезінде де транзиттік қиындықтарды бастан кешіреді. Мұнда да жоспарды үзіп, процеске кедергі жасап отырған Ресей себеп болып отыр.

ҚР ішкі нарығында биыл қарашаның қорытындысы бойынша көмір бір жылда 10,8% қымбаттады.

Өңірлер бойынша ең көп жылдық баға өсімі Қарағанды облысында тіркелді: 23,6%.

Көмір бағасының қымбаттауы Қызылорда (16%) және Ақтөбе (14,7%) облыстарында да жоғары болды.

Ең аз жылдық баға өсімі Алматы облысында байқалды: бар болғаны 2,6%. Еліміздің екі өңірде — Астанада және Жамбыл облысында көмір арзандады: тиісінше 1,4% және 3,1%.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago