Categories: Қоғам

Биыл күзде тәрбиешілердің жалақысы өседі

2023 жылдың қыркүйегінде тәрбиешілердің жалақысы тағы 30 пайызға өседі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты, деп хабарлайды El.kz.

Еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарында барлығы 98 мың педагог жұмыс істейді. Олардың 65 мыңнан астамы жоғары білімі бар педагогтер. Сондай-ақ олардың 57 пайызы қалада жұмыс істейді.

Бүгінде еліміздегі мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Білім беру сапасы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейіне тікелей байланысты. Мемлекет басшысы мектепке дейінгі ұйымдардың педагог мәртебесін, кәсіби әлеуетін және жалақысын арттыру міндетін алға қойды. Биыл мектепке дейінгі ұйымдардың 21 мыңнан астам педагогінің біліктілігін арттыру жоспарланған. Ол өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық, — деді ол.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үздік тәжірибелерін тарату үшін 79 мектепке дейінгі ұйымның базасында тұрақты негізде «Құзыреттілік орталықтары» құрылады.

Соңғы 4 жылдың ішінде педагогтердің жалақысы әр жыл сайын 25 пайызға артып отырған. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тәрбиешілердің жалақысы 30 пайызға көбейеді. Атқарылған шаралардың барлығы педагогтерді мектепке дейінгі ұйымдарға тартуға септігін тигізеді деген ойдамыз, — деді Наталья Жұмаділдаева.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago