Фото: Bugin.kz
Тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны азайып келеді. Дегенмен отбасылардағы зорлық-зомбылықтың нақты деңгейі әдемі статистиканың тасасында қалып жүр. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.
Биылғы қаңтар-шілде айларында елімізде тұрмыстық салада 520 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 8,5%-ке аз.
Салыстыру үшін: былтыр осы кезеңде бұл секторда 568 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, жылына минус 5,5%. 2018–2020 жылдары мұндай құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай өскені байқалған еді.
Мәлімделген істердің 98,1%-і жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша болды: 510 құқық бұзушылық, бір жыл ішінде минус 9,1%. Мұнда құқық бұзушылықтардың басым бөлігі денсаулыққа қасақана ауыр (214) және орташа ауырлықтағы (167) зиян келтіру және кісі өлтіру бойынша (70) болды.
Оған қоса, меншікке қарсы қылмыстар (6 іс) және сот төрелігі мен жазаны орындауға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар (2 іс) «танымал» болып отыр.
Өңірлер тұрғысында отбасылық-тұрмыстық саладағы ең көп қылмыстық құқық бұзушылық Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: 66 дерек – бір жыл бұрынғыдан 33,3%-ке аз. Көшбасшы үш қңір қатарына Алматы (60 дерек, бір жылда минус 15,5%) және Павлодар (53 дерек, плюс 3,9%) облыстары кірді.
Мұндай құқықбұзушылықтардың ең азы Атырау облысында тіркелген: бардығы — 7 дерек, былтыр 1 дерек тіркелген. Айта кету керек, жаңадан құрылған үш облыста сала бойынша құқық бұзушылықтар әлі тіркелмеген.
Айта кету керек, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар дерегіндегі басты мәселемынау: істердің көпшілігі қылмыстық құқық бұзушылық емес, әкімшілік құқық бұзушылық ретінде сараланады. Осылайша, қылмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы оңды көрінетін динамикаға қарамастан, Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың нақты жағдайы аянышты.
Мысал: биылғы жылдың жеті айында Қызылорда облысында сала бойынша 13 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, ал былтырғы дерек — 9 қылмыс қана.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің статистикалық тұрғыдан қылмыстық құқық бұзушылық саласынан тыс болуы мұндай зорлық-зомбылық құрбандарына жеңілдік бермейді. Тіпті, президенттің жағдайды шешу туралы тікелей тапсырмасының өзі және мұндай құқық бұзушылықтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту қажеттігі ештеңе өзгерткен жоқ.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…