Экономика

Биылғы кіріс қандай?

Мемлекеттік бюджетке түскен кірістің сомасы 18,2 трлн теңге болды немесе жоспар 98,6%-ке орындалды.

Республикалық бюджетке 12,6 трлн теңгеге жуық қаражат түсті. Жоспар 94,4%-ке орындалды,- деді вице-премьер – қаржы министрі Е.Жамаубаев үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жоспардың 100 пайыз орындалмауы негізінен салық түрлеріне байланысты.

Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығы, импортқа салынатын қосылған құн салығы, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық және шикі мұнайға тиесілі экспорттық кеден бажы есебінен қалыптасты, деп жазды Tengelife.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 272 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлем сомасының 24%-ке азаюымен байланысты.

Импортқа салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмау себептері ретінде вице-министр мыналарды атады: импорт көлемінің төмендеуі; ЕЭО елдерінен импорт көлемінің 9%-ке азаюы.

Жергілікті бюджет кірісі 109,2%-ға атқарылып, 5,7 трлн теңге болды. Жоспар 478 млрд теңгеге, оның ішінде салық бойынша 425 млрд теңгеге асыра орындалды,

деді вице-премьер.

Айтуынша, Алматы облысынан басқа барлық өңірде кіріс бойынша жоспар асыра орындалып отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago