Қоғам

Биыл қыс кеш келеді – синоптиктер

Бір күннен кейін қыс келеді. Алайда оңтүстікте құдды бір көктем сияқты. Тіпті осы уақытта ақ қарға оранып, борап жататын ел астанасында да әлі қар жоқ.

Бұған не себеп? Еліміздегі климаттың бұлай өзгеруіне жаһандық жылынудың әсері бар ма? Қазақстан телеарнасы біліпті.

Алматыда бүгін ауа температурасы +15 градусты көрсетіп тұр. Желтоқсан айымен араны бір-ақ күн бөліп тұрса да, жыл сайын қылышын сүйрей келетін, аязды қыстың лебі сезілмейді. Тіпті, мегаполистегі ағаштардың барлығы бірдей сары түске боялып үлгермеген, ал жердегі шөп әлі жап-жасыл. Оңтүстік аймақ болғанына қарамастан қыстың бұлай кешеуілдеуіне тұрғындар да аң-таң.

Еуропа одағының Коперник атындағы климаттық қызметінің мәліметінше, тарихта ең жылы күз биыл болған. Мамандардың сөзінше, соңғы 125 мың жылда әлемде ауаның температурасы дәл биылғыдай жоғары болмаған. Мұның барлығы жаһандық жылынудың әсері дейді олар. Осы мәселе күні ертең Дубай қаласында климаттық конференцияда талқыланбақшы. Отандық синоптиктер күн райының мезгілге сай болмауын былай деп түсіндірді.

Қазақстан аумағына тән емес жылы күз бен қыстың кеш келуі батыс және оңтүстік цинклондардың жиі орын алмасуымен, сондай-ақ Иран мен Жерорта теңіз аудандарынан жылы ауа массасының келуімен сипатталады.

Осыған байланысты Қазақстан аумағындағы температуралық фон климаттық нормадан 3-10 градус жоғары болды. Соңғы рет ауа райының жылы қараша айы 2010 жылы болды. Ол кезде ауа температурасы нормадан 2-7 градусқа дейін ауытқыды,

Афродита Пірімжар, «Қазгидромет» РМК 1 санаттағы инженері.

Еліміздің басым бөлігінде бұл кезде қар жататын. Елордада, тіпті ақтүтек боран соғып, алай-дүлей желдің екпіні тұрғындарды әбігерге салатын. Бірақ биыл жағдай өзгеше. Синоптиктердің сөзінше, Қазақстанның басым бөлігінде ақ ұлпа желтоқсанның 10-на қарай жауады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago