Маңызды

Кез-келген жұмысқа тұру үшін пара сұрайды

5 қазан — ұстаздар күні.

Мұғалім — мәртебелі міндет. Бірақ біз оны барынша бұлғап, абыройдан айырып әлекпіз.

Мұғалімдер күні. Ең болмаса осы күні құндылықтарды еске алып, өзегімізді түземедік пе? Жоқ, конвертпен я каспимен пара беріп әлекпіз.

Пара екенін, заңға қайшы екенін біле тұра істейміз. Камераға түсіп қалмайық деп тұрып жоспарлаймыз. Оң істі осылай жоспарласақ болмас па еді.

Парамен мұғалім ісіне кірбің түседі. Ойы, ниеті былғанады. Ұстаздық ұстамдылығы жойылады.

Құндылықтардың төңкерілгені соншалық, бұл шикілікті құптайтын да, қолдайтын да “адам” аз емес. Керісінше параға қарсы шыққан адамға тоқтау айтамыз.

Осылай жұрттан қалмадық деп мәз боламыз. Құрдымға бара жатса да, қалмасақ болғаны.

Мұны көрген жас ұрпақ не болмақ? Асқынған дерт оларға да жұғып жатыр. Жүректеріне тор, көздеріне шел болып жабысып жатыр. Біз адам болмаймыз,

деп жазыпты педагог Ескен Бестай.

Бұрын пара алатын тек жоғарғы жақтағылар деген ой болатын халықта.

Жұмыс іздегенімде нағыз парақорлықтың ортасы білім ордалары екеніне көзім жетті,

деп жазыпты пікір білдіруші.

Парасыз ешкім жұмысқа алмайды қазір, бірнәрсе беру керек деп ойлайтын адамдардан бастау алатын сияқты осының бәрі. Қылт етсе, пара беруге дайын тұратын халық болған соң, сол параны сұрауға дайын адамдар да табылады.

Жұмысқа тұру үшін кез-келген жерде пара сұрайды.

Өзім медицинаны бітірсем де көшеде көгалдандыру қызметін жасап жүрмін. Амал жоқ, 1,5 миллион теңге сұрап тұр қалтам көтермейді шыны керек тегін ешкім алғысы келмейді, алса да артыңа түсіп алып, шығарып жіберуге дайын,

деп жазды желі қолданушысы.

Бірақ, таяқтың екі ұшы бар. Ұстаздарға берген сыйлықта тұрған не бар екен?

Адамды қуанту үшін сыйлық жасаймыз ғой. Парақорлық ол ол енді бөлек әңгіме. Мысалы, Америкада ұстаздар мерекесінде ұстаздар өзіне не ұнайтынын ашық айтады. Оны ата-аналарға хат түрінде жібереді. Маған мынадай заттар ұнайды. Түсі, размері, көлемі барлығын ашық жазады. Мысалы жасанды гүл керек емес. Раушан гүлі ұнамайды, орхидея түсі ақ болсын деген сияқты.

Тек ұстаздардың төл мерекесінде жылына бір рет ұстазға деген құрмет немесе алғыс ретінде сыйлық жасауда тұрған не бар? Ұстаздың мәртебесін көтерейік деп айтылады. Бұл да болса ұстазға деген аз да болса құрмет болар еді…

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago