Categories: Қоғам

«Қазақ тіліне бұрынғыдай немқұрайлы қарайтын уақыт өтті»: Тележүргізуші Нұржан Еркінұлы қазақ тілін менсінбеген мейрамхана туралы

Instagram-дағы парақшасында ол Қаңтар оқиғасынан кейін барлығы бұрынғыдай болмайтынын, қазақ тіліне енді бұрынғыдай немқұрайлы қарауға жол берілмейтінін жазды.

Өз үндеуін орыс тілінде қалдырған журналист сол тілдегі бизнес өкілдеріне түсінікті болуы үшін жазғанын түсіндірді.

2023 жылы Қазақстанда енді бәрі бұрынғыдай болатынына сенетін аңқаулардың бары таң қалдырады. Қаңтар оқиғасынан кейін, көрші елдегі соғыстан кейін, тіпті жақында орын алған Рамиль Мухоряповтың былығынан соң қалайша әлі ақылдары кірмеген?

жарайды, қазақ тілін білмейсіңдер делік, жаныңызда жанашыр адамның болмауы қалай? Ей, есіңді жи, ел өзгерді, қоғам басқа деп айтатын ешкім табылмағаны ма?

Қазақ қоғамын осылайша ысырып қоятын уақыт артта қалды. Қазір бұл қылықтарың дұрыс емес. Қазақи ортаның қалауын орындамай, әрі қарай кәсіп жүргізу мүмкін емес. Енді уақыт басқа. Қазақ қоғамы бір тілмен шектелмейді. Бірнеше тілді меңгерген. Алайда, толеранттық танытудан шаршады халық.  Қазақ тілі  — мода емес дейтіндердің қатары сиреді.

Сендер 30 жыл бойы өмір сүріп жүрген елдің өміріне сіңісетін, ақылдарың кіретін уақыт болды. Қазақстан – Ресейдің бір бөлігі емес. Қазақстанның өз мәдениеті мен тілі бар. Тіпті «ұлтшыл» деп айыптауларың да сүйектен өтпейді.

Мүмкін мәселе тіпті басқа жақта жатқан болар. Қазақ тілді қазақтар әлі де ақшасыз тентіреп жүр деп ойлайсыздар ма?

Ояныңыздар!!! Біз ауылдан шыға білдік. Ақшамызды да таптық. Байыдық. Енді әнге біз тапсырыс беретін уақыт келді!

деп мейрамхана өкілдеріне үндеуін аяқтады журналист.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago