Фото: Dala Inside
«TAUEKEL» ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов өзіні Фейсбуктағы парақшасында Ауғанстанның Құндыз провинциясындағы қазақтар оған хат жазып, Қазақстанға алып кетуіне жәрдемдесуін өтініпті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Соңғы кездері жеке парақшама «араб» аккаунттары достық көптеп жіберетін болды. Басында мән бермеген едім… Кеше парақшамның «Хат» бөліміне белгісіз біреудің араб әліпбиімен бір емес, тоғыз рет жазғанын байқадым.
Содан оның кім екенін білмек болып қарап едім жас жігіт екен. Шыны керек, хатқа назар аудармас ем, әлгі жігіттің суретінде көк байрағымыз көзіме оттай басылды. Жалма жан хаттың мәтінін көшіріп, гуглдің аудармасынасына салсам. Хат пуштун тілінде жазылған екен. Хатта «Аға біз Ауғанстанның Құндызында тұратын 9 қазақпыз. Бізді Қазақстанға алып кетіңіздерші», -деп өтініш айтыпты.
Қандасымыз мені қолында билігі, мүмкіндігі бар адам деп ойлап, үміттенсе керек.. Қайдан білсін, менің қолымда ондай билік жоқ екенін. Әттең, қолдан келер қайран жоқ. Жат елде, жат жерде жат елдің амбициялары үшін құрбан болған қазағым-ай…
деп жазыпты.
Бүгінге еліміздің солтүстігінде көптеген ауылдар босап қалған. Сол аудан-ауылдарға Иран, Ирак, Ауғанстан, Пәкістандағы қазақтарды көшіріп әкеліп, бір жерге жинап, орналастырып, аудан атын Қорған деп қойса ғой, шіркін.
Қорған деген елдімекендер Иран, Ауғанстан, Ресейде де бар.
Қысқасы осы ой іске асса Солтүстікте таза қазақ тілді бір аудан пайда болар еді. Керемет емес пе, келісесіз бе?
Ол жаққа мұғалім, дәрігер, тіпті полиция мен молдасына дейін Оңтүстіктен көшіріп жайғастыруды көші-қонмен айналысатын «TAUEKEL» ұйымы өз мойнына алар еді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…