«Бізді Қазақстанға алып кетіңіздерші!». Ауған қазақтары хат жазды

«TAUEKEL» ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов өзіні Фейсбуктағы парақшасында Ауғанстанның Құндыз провинциясындағы қазақтар оған хат жазып, Қазақстанға алып кетуіне жәрдемдесуін өтініпті,  деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Соңғы кездері жеке парақшама «араб» аккаунттары достық көптеп жіберетін болды. Басында мән бермеген едім… Кеше парақшамның «Хат» бөліміне белгісіз біреудің араб әліпбиімен бір емес, тоғыз рет жазғанын байқадым.

Содан оның кім екенін білмек болып қарап едім жас жігіт екен. Шыны керек,  хатқа назар аудармас ем, әлгі жігіттің суретінде көк байрағымыз көзіме оттай басылды. Жалма жан хаттың мәтінін көшіріп, гуглдің аудармасынасына салсам. Хат пуштун тілінде жазылған екен. Хатта «Аға біз Ауғанстанның Құндызында тұратын 9 қазақпыз. Бізді Қазақстанға алып кетіңіздерші», -деп өтініш айтыпты.

Қандасымыз мені қолында билігі, мүмкіндігі бар адам деп ойлап, үміттенсе керек..  Қайдан білсін, менің қолымда ондай билік жоқ екенін. Әттең, қолдан келер қайран жоқ.  Жат елде,  жат жерде жат елдің амбициялары үшін құрбан болған қазағым-ай…

деп жазыпты.

Бүгінге еліміздің солтүстігінде көптеген ауылдар босап қалған. Сол аудан-ауылдарға Иран, Ирак, Ауғанстан, Пәкістандағы қазақтарды көшіріп әкеліп, бір жерге жинап, орналастырып, аудан атын Қорған деп қойса ғой, шіркін.

Қорған деген елдімекендер Иран, Ауғанстан, Ресейде де бар.

Қысқасы осы ой іске асса Солтүстікте таза қазақ тілді бір аудан пайда болар еді. Керемет емес пе, келісесіз бе?

Ол жаққа мұғалім, дәрігер, тіпті полиция мен молдасына дейін Оңтүстіктен көшіріп жайғастыруды көші-қонмен айналысатын «TAUEKEL» ұйымы өз мойнына алар еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago