Фото: видеодан алынған
Әскердегі сұмдық оқиғалардың толқыны тоқтайды ма? Оны тоқтататын кім? Туған баласын қай ата-ана өлімге қияды? Қазақстан соғыссыз-ақ өзін қырып-жойып жатқаны ма? Кеше ғана қайтыс болған 18 жасар Мираш Бекболдың жағдайы бүкіл елдің жағасын ұстатқан еді. Жас жігіт армияның сұмдығына шыдамай өмірімен қоштасты. Енді армия сау адамды сал адамға айналдырып отыр.
Әскери борышын өтеп жүрген мерзімді сарбазға қатысты тағы бір жағдай Астанада орын алды. Бұл жолы Ұлттық ұлан әскери бөлімінің қатардағы сарбазы түсініксіз жағдайда ауруханаға түсті. Баласын сау жіберген анасы енді есін білмейтін ұлын қарсы алды. Үйінде емес, аурухана палатасында. Бұл туралы КТК жаңалықтар қызметі хабарлайды.
Дина Жүсіпованың айтуынша, баласы туған шешесін танымай қалған. Сап-сау жіберген баласы қазір ешнәрсе түсінбейді де, сөйлей де алмайды. «Не болды» деген сұраққа жауап бермей, тек дірілдеп, басын салбыратып, қайда отырғанын да түсінбейтін сияқты.
«Мені танымады. Маған сенбейді. Ол тұйықталып қалған, сөйлемейді. Мен ұлымды әскерге борышын өтеуге жібердім, ауруханада жату үшін жіберген жоқпын. Ұлымның жатқан жері мүгедектерге арналған, себебі ол қазір есін де білмейді,
дейді сарбаздың анасы.
Сарбаз жексенбінің кешінде аруханаға жеткізілген. Сол күні ата-анасына хабар беріпті. Дәрігерлердің ешқайсысы оған нақты не болып жатқанын айта алмай отыр. Ал әскери бөлімнің басшылары өздерін ақтап отырған сыңайлы. Айтуларынша, сарбаз кешкі астан соң баспалдақтан көтеріліп бара жатып құлап түскен. Кейін есін жоғалтқан. Командирлер басқаша жайттың болуын жоққа шығарып отыр. Сарбаздың жағдайы нашарлаған сәтте олар жедел-жәрдем шақырыпты.
Сарбазды толық тексеруден өткізген. Ешқандай сынық немесе жарақат алмаған. Ауытқулар анықталмаған. Бөлім командирінің орынбасары сарбазға «талма синдромы» қойылғанын мәлімдеді.
Бөлімше командирінің орынбасары қызметтік тескерулер жүргізілетінін айтты. Алдағы уақытта нақты себептері анықталады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…