Categories: Руханият

Біздің елде ерте үйленуге тыйым салу керек

Корея жастары 30-дан асып барып қана тұрмыс құрады. Кореяда 6 жылдан бері жұмыс істеп жүрген отандасымыз Сайрангүл Дахан Jas Alash тілшісімен болған сұхбатта солай деді:

Хангуктар 30 жасынан кейін ғана тұрмыс құру туралы ойлана бастайды. Бұлардың жастары оқып жүріп жұмыс істейді. Студенттерге жақсы мүмкіндік бар. Қымбат ноутбук аламын деп, студенттік картаңды көрсетсең көп жеңілдік жасайды. Емханада да солай, компанияға жұмыс істеуге барсаң оңай жерден жұмыс тауып береді. Оның ешкімнің басынуына, артық жұмыс істеуіне жол жоқ. Себебі ол болашақ бір маман. Бізде де осындай дүниелер жасалса, студенттерге мүмкіндік берілсе деп ойлаймын.

Бізде жас кезінен бір-бірін танымай үйленіп алады. Сосын ажырасады. Салдарынан жетім бала мен жесір әйел қалады. Енді салыстырыңыз, 30-дан асып, оң-солын танып, отбасын құрған дұрыс па әлде жас кезінде отбасылы болған ба? Әрине, біріншісі. Біздікілер

бесіктен белі шықпай жатып тұрмысқа шығып кетеді де, сосын балалы болып отырады.

Не білімі жоқ, не жиған капиталы жоқ.

Сосын отбасында қиындықтар басталады. Бұл үлкен қасірет. Ерте отбасын құруға бізде тыйым салу керек. Әйтпесе дамымаймыз.

Корейлердің ұлтшылдығына таң қаламын. Олар ағылшын тілінде бірдеңе сұрасаң корей тілінде жауап береді. Көрей тілінде сөйлесең, оларға бұл елдің тілін білетініне көздерін жеткізсең ғана саған ағылшынша жауап береді. Егер әлеуметтік желіге корейдің болашағы туралы жақсы бір сөз айтса, оны бүткіл корей қолдайды, таратады. Авторды қолпаштағанда жер-көкке сыйдырмайды. Олардан үйренетін бір қасиет ұлтшылдық.

Корейлер 3 айлығынан бастап балабақшаға баласын бере алады. Сол жерден бастап егістік алқабына апарып, картопты қалай егеді, сәбіз қалай шығады деген нәрселерді үйретеді. Киімін жинатады, тәртіпке баулиды. Бәрін өзіне істетеді. Осы арқылы тұлға болып қалыптасуына көмек береді. Сондықтан олар өскенде өз тамағын өзі істейтін, ақша таба алатын адам болып қалыптасады. Бізде керісінше, шұлығын мамасы жуып, әкесі ақша беріп тамақтандырады. Бұлар балаларының білім алуына инвестиция құйып отырады. Бала өмірге келді ме, жөргек ақысын, көрімдігін банктен шот ашып соған сала береді. Кейін жоғары білім алатын кезде оның банк картасында неше мың доллар тұрады. Арзан, болашағы бар акцияларды сатып алады. Бәрі баласы үшін. Жауапкершілік жоғары. Біз сияқты «бала өзімен-өзі өседі, ержетіп не бойжетіп жатса көрерміз» деп көлік мініп, той-тойлап, астан асқа барып жүрмейді. Біздің ата-аналар балаға инвистиция құюдың орнына құдалығымды ерекше өткерсем, оларға елде жоқ қызыл балық жегізсем деумен өмірін өткізеді. Қара жұмыс істейтін корейдің балалары шетелде беделді университтерде оқиды. Неге? Себебі ол той-тойлап жүрмей, баласына ақша құйған. Осыны қазақтар үйрену керек. Сол кезде ғана сапалы орта қалыптасады. Тойға шашқан ақшаны балаға салу керек. Жөргек ақыдан бастап ай сайын түсетін ақшасының бәрін банкке сала беру керек. Сол кезде ғана бала шетелде оқуға мүмкіндік алады. Жөргек ақыға нан алып, күн көретін заман өтті. Мұны мелекет қолға алып реттеу керек, әйтпесе дамымаймыз.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago