Categories: Оқиға

Біздің сот адам өлтірген қылмыскерге 1,5 жыл ғана береді

2022 жылдың қазан айында заңгер Айман Асанованы өлтіріп кеткен. Бұрынғы күйеуі оған 18 рет пышақ жарақатын салған. Әйел 42 жаста еді. Марқұмның туыстарының айтуынша, бұрынғы жұбайы оған бейнекамералардан алыс үйдің жанындағы тұрақта шабуыл жасаған. Оның некеде болған кезде әйелінің ақшасына сатып алынған пәтерден дәмесі болғаны атап өтілді.

Алматының мамандандырылған ауданаралық соты заңгер Айман Асанованы өлтірген қылмыскерді бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Соттың бұл шешімін халық қабылдамады. Қылмыскер әділ жазадан қалай құтылып кетті?

Бүгін апелляциялық соттың отырысы өтті. Сотталған Талғат Нұртаевтың үкімі қайта қаралатын болды.

Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысы сотталушы Н.- ның әрекеттері қасақана кісі өлтіруден (ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі) қатты психикалық толқу жағдайында кісі өлтіруге (ҚК-нің 101-бабы) қайта сараланған алқабилердің қатысуымен үкімнің күші жойылды,

делінген хабарламада.

Соттың баспасөз қызметі түсіндіргендей, алқабилердің қатысуымен үкімнің күшін жоюға мыналар негіз болды:

  • сот бұрын зерттемеген дәлелдемелерге сілтеме жасаған қорғаушы тараптың адвокатының жарыссөзінде сөйлеу тәртібін бұзу, бұл соттың заң талаптарын бұза отырып сот тергеуін қайта бастауына әкелді,
  • алқабилердің алдына белгілі бір заңды терминдерді қолдана отырып сұрақтар қойылады, мысалы: кенеттен пайда болған қатты психикалық толқу жағдайында кісі өлтіру, бұл заңмен рұқсат етілмейді,
  • айыптаушы тарап іс материалдарына қоса берілмеген бейнежазбасы бар диск түрінде жол берілмейтін дәлелдеме ұсынды, дискінің шығу тегі ештеңемен расталмады, мұндай диск заттай дәлелдемелермен танылмады.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago