Фото: әлеуметтік желіден алынған
Осы жылдың 4 қаңтар күні блогер elzat.muqash Instagram және TikTok әлеуметтік желісінде «қазақ тарихын жойып жатыр» деп Қазақстанның басты тарихи орындарының бірі – Талдықорған маңындағы Арқарлыдан видео түсіріп, ата-бабадан мұра болып қалған, суреттер қашалған тастардың құрылыс материалдарына айналғанын айтқан еді.
Алайда Жетісу облысының әкімдігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтып отыр.
Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық пен Кербұлақ ауданы әкімдігінің өкілдері Арқарлы тауына барып қайтыпты. Айтуларынша, ол жерде бейнероликте көрсетілгендей қиыршық тас өндіріліп жатқан жоқ. Тіптен қиыршық тас өндіретін кәсіпорын «Жол жөндеуші» компаниясы «Жоламанский щебеночный завод» ЖШС банкротқа ұшырап, жұмысы 2022 жылдан бастап тоқтап тұр.
Бейнероликте көрсетілгендей петроглифтер орналасқан тастарды қиратып, тастарды өндіру жұмыстары тоқсаныншы жылдары жүрген екен.
Басқарманың мәліметінше, 2021 жылы облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Охотники за петроглифами» еріктілер тобының үйлесімді жұмысының арқасында Арқарлы тауында орналасқан ежелгі тастардағы бірегей ескерткіштердің қирауын тоқтатуға қол жеткізіліп, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың тапсырысы бойынша Ә.Марғұлан атындағы археология институты барлау және сол аумақта орналасқан жалпы саны 185 археологиялық ескерткіштерге құжаттама (паспортизация) жұмыстары жасалған.
Сонымен қатар Арқарлы тауында орналасқан ежелгі тастардағы бейнелерді сақтау және насихаттау мақсатында петроглифтар орналасқан аумақтың 8 жағынан жалпы саны 16 тақта (8 ақпараттық, 8 қорғау тақтасы) қорғау және ақпараттық тақталар қойылыпты.
Тарихшы, археологтардың зерттеуінше, тастағы суреттер осыдан 3 мың жыл бұрынғы дәуірден сыр шерте алады. Алайда бизнесмендер таудың тасын қопарып, жарамсыздарын тастап кеткен. Сарыөзек кентіндегі басшылар 2021 жылы ғана таңбалы тастардың тұрған жерлерін картаға түсіріпті. Оған дейін Арқарлы асуындағы жақпар тастардың біразы қирап, қиыршық тас шығаратын зауытта үгітіліп кеткен болуы да мүмкін. Ғалымдардың айтуынша петроглифтер орналасқан жартасты жоталарды жердің қожайындары шиыршық тастан бөлек, жерге төсейтін тақтатас бизнесі үшін де пайдаланып келген.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…