Categories: Экономика

Бизнестің табысты қызметіне ең әуелі мемлекет мүдделі — Смайылов

Үкіметтің кезекті отырысында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеуді іске асыру барысы қаралды.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың сөзінше, бизнестің 44 саласын жан-жақты талдаудың нәтижесінде жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңнан астам талап анықталды.

Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша міндетті талаптар реестрі құрылды. Оны біз қажет кезде қайтадан қарап, реттеп отыратын боламыз. Бұл жерде «Атамекен» палатасы белсенді рөл атқаруға тиіс. Яғни, орынсыз, бірін-бірі қайталайтын немесе тиімсіз талаптарды анықтау және алып тастау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі,

деді премьер-министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар мемлекеттік бақылау жүйесінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін автоматтандыру бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. 35 салада бұл жұмыс аяқталды. Ол кәсіпкерлерді негізсіз тексерістерден қорғауға мүмкіндік береді.

Жалпы «таза парақтан» реформасы бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан осы бағытта бірлескен жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз. Үкімет бизнестің сындарлы ұсыныстарын қолдауға қашанда дайын. Бизнестің тұрақты да табысты қызметіне бірінші кезекте мемлекеттің өзі мүдделі. Кәсіпкерлер осыны сезінуі керек,

деп мәлімдеді Смайылов.

Оның айтуынша, атқарылған жұмыстар 2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санының 4,7 миллион адамға дейін өсуіне және мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Смайылов бизнеске қойылатын артық талаптарды жою бойынша заңнамалық өзгерістердің уақытылы қабылдануын тапсырды. Жақын арада парламентке тиісті заңнамалық актілер пакеті енгізіледі.

Сонымен қатар жаңа нормаларды биыл 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізу мәселесі қарастырылады. Оның сөзінше, бұл бизнеске шамадан тыс жүктемені биылдан бастап азайтуға мүмкіндік береді.

Бұған қоса ол кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру жұмысына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Мемлекеттік органдар оны бірінші жартыжылдықтың соңына дейін аяқтауға тиіс.

Мемлекеттік қолдауға ие болғысы келгендерді іріктеу рәсімдерін автоматтандыру жалғасады. Бұл жұмыс ашық әрі тиімді жүргізілуге тиіс.

Мемлекеттік қолдауға ие болғандар соның қайтарымын жасайды деп үміттенеміз. Яғни, мемлекеттік қолдау шаралары бизнестің табысын ұлғайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құру және тұрақты жалақы мәселесін де шешуі керек,

деді премьер-министр Үкімет отырысында.

Смайылов әкімдіктер мен мүдделі орталық мемлекеттік органдарға жаңа бизнеске жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago