Фото: El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Тараз әкімдігінің коммуналдық қызмет басқармасының бұрынғы басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Оған көмектескен кәсіпкер де жазаға тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Прокуратурада жүргізілген тексеру барысында Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы Т. мен «KazinCapital» ЖШС басшысы Ш.-ның бюджет қаражатын ұрлау дерегі анықталды.
Тараз прокуратурасының мәліметінше, ұрлық фактісі 24 млн теңгеге контейнерлік платформаларды орнату кезінде болған.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі «Қылмыстық топтың бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін аса ірі мөлшерде иеленіп алуы немесе жымқыруы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті жүргізді.
Тергеу барысында басқа да ауыр мән-жайлар анықталды. Сондай-ақ көшелерді жарықтандыру және бейнекамераларды орнату кезінде 91 млн теңгенің бюджет қаржысын ұрлау фактілері де анықталды. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 115 млн теңгені құрады,
деп атап өтті ведомство өкілдері.
Қалалық №2 соты Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т. мен кәсіпкерді 8 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…