АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің Украинадағы агрессиясының сипаты өзгергенін, АҚШ-тың украиндықтардың өзін қорғауға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты. Бұл туралы «Голос америки» басылымы хабарлады.
Америкалық дипломатияның басшысы Калифорния штатының Стэнфорд қаласына сапары кезінде Украинадағы жағдайға баға берді. Ол Ресейдің азаматтық нысандарға шабуыл жасауын «шарасыздық әрекеті» деп атады.
24 ақпаннан бастап агрессияның сипаты өзгерді. Олар бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап жатыр. Олар әскери қондырғыларға емес, адамдарға күнделікті өмірде қажет электр станциялары, ауруханалар сияқты маңызды инфрақұрылымға шабуыл жасады. Бұл Ресейдің шарасыздығының белгісі болса да, олардың қаншалық төмен деңгейге түскенінің де белгісі.
Энтони Бленкин, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы
Блинкен соғыс басталмай тұрып-ақ президент Джо Байденнің украиндықтарда ресейлік агрессиямен күресу үшін қажет құралдардың бар екеніне көз жеткізуге тырысқанын еске салды.
Нәтижесінде, Ресей басып кірген кезде, Украина жағы агрессияны тойтару үшін, әсіресе Киев төңірегінде, ресейліктерді кері итеру үшін қажетті құралдарға ие болды. Біріншіден, бұл олардың керемет батылдығының арқасында болды. Екіншіден, біздің Украинаның олармен күресу үшін қажет нәрсенің бәрі бар екеніне көз жеткізуге тырысқанынан болды.
Энтони Бленкин, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы
Сонымен қатар Блинкен украин әскерін дұрыс дайындаудың маңызын атап өтті.
Бұл өте маңызды, біз мұнда көп жұмыс істеп жатырмыз. Бұған басқа елдер де қатысты.
Энтони Бленкин, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…