Categories: Галерея

Блогер Балқия Балтабай тойында Умраға жолдама ойнатылып, алтын мен ақша таратылды

Өткен демалыста Алматыдағы ең танымал мейрамханалардың бірінде танымал блогер, психолог, кәсіпкер Балқия Балтабайдың тойы дүркіреп өтті.

Соңғы жылдары қазақ қыздарына ислами психология тақырыбында тренингтер өткізіп, халық көңілінен шыға білген блогердің таңдауы Мұрат Анарбек есімді жігітке түсіпті. Он екі жыл бұрын сезімін білдірген жігіттің ұсынысын енді қабыл алған Балхия Балтабай ханым әлеуметтік желідегі парақшасында тойдың ерекше өтетінін алдын ала айтқан болатын. 

Расында да, той қонақтарына тост берілмей тек ойын ойнатылып, қонақтарды билетіп, эстрада жұлдыздарының ән шашуымен өткен тойдың шоу түрінде айрықша өткені байқалады. Тоқтар мен Бейбіт, Қуандық Рахым, Бүркіт пен Аиша, жастардың сүйікті тобы Калифорния секілді эстрада жұлдыздары да тойда өнгер көрсетті. Той тізгінін белгілі асаба Ерлан Құлшынбаев қолға алып, той көрігін қыздыра түсті.

Атап өтер жайт осы уақытқа дейін қайырымдылық істерімен жиі айналысатын блогер халықтың да сүйіктісіне айналғаны соншалық, жас жұбайлардың тойына еліміздің түкпір түкпіріндегі халық қызығушылық танытқан. Сондықтан жас жұбайлардың тойын алыстан болса да тамашалауға тырысып тікелей эфирді ақылы көруге тырысқан, сүйікті қыздарының тойына шашу шашқан халық та көп болған. Алайда блогер тойға түскен қаржыны түгелімен Түркістан облысының Арыс қаласында салынып жатқан мешіттің құрылысына аударуды шешкен. 

Сондай-ақ жас жұбайлар тойда ата-аналарына, бірнеше той қонақтарына Ұмраға қажылыққа жолдама сыйлады. Белсенді той қонақтарына ақша мен алтын таратқан жас жұбайлардың той қонақтарының көңілін барынша тапқысы келгенін байқауға болады. 

Жаңаша форматта, сауапты амалдары молынан, ерекше өткен тойды әлеуметтік желілер де көп талқылауда. 

Атап өтер жайт соңғы жылдары той форматына өзгеріс енгізу керек екені, киілмейтін киіттер мен Қытайдың майда шүйдесінің саудасын жүргізіп, тойда той табақ ретінде таратпау, жиналыс болып өтетін тойларды ықшамдау жайы жиі айтылғанымен қолға алынбай келе жатқаны шындық. Мүлдем басқа форматта өткен тойға қарап той иелері қаласа той қонақтарының өзгеріске дайын екенін байқадық!

Ең бастысы жас жұбайлардың қиған некесі хайырлы, Мұрат пен Балқия бақытты болғай!

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago