Атақ және ақша

Блогер Мерей Әбіловаға 7 миллион қалың мал берілді

2,1 миллион оқырманы бар танымал блогер Мерей Әбілова тұрмысқа шықты.

Қарағандының «Шахтер» клубының футболшысы Дінмұхамед (Димаш) Қашкен осыдан 7 ай бұрын аруға Париж қаласындағы Эйфель мұнарасының алдында жүзігін ұсынған еді.

20 жасында тұрмысқа шыққан Мерейге 7 миллион теңге қалың мал берілсе, салт-дәстүрге сай  —  «Ана сүті», «Әке күші», «Өлі-тірі» сыйлары бөлек табысталғаны туралы harpersbazaar.kz сайты жазды.

Ал, екі әулет құдалықта бір-бірінен аянып қалмады. Өзара кәде-сыйлар алмасып, тек бағалы брендтерден киіт кигізді.

23 жастағы Дінмұхамед пен 20 жастағы Мерей үйлену тойынан бұрын алдын ала мешітте некелерін қиған.

23.04.23. Бұл күні етегінен ұстадым ең мықты ер жігіттің, сөйтіп қалыңдық атандым,

деп жазды Әбілова парақшасында.

Ал 11.11.23 деген әдемі екі санның біріккен күні ұзату тойы өтті. Блогер ұзату тойына 15 млн теңге жұмсағанын айтты. Оның сөзінше, тұрмысқа шығу оңай емес, себебі барлығы – қымбат.

Үйлену тойы да дүркіреп өтті. Тойды Тұрсынбек Қабатов басқарды.

Мерей Әбілова өміріндегі ең маңызды күннің қалай өткенін Instagram парақшасында көрсетті. Ол желіде видеоларын бөлісіп, оқырмандарын барынша хабардар етуге тырысқан. Екі жастың үйлену тойы Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен.

  • Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.
  • Қыздың тойына қатты шашылудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
  • Сонша ысыраптың керегі не?
  • Мақтаншақтық.
  • Еріккен екен, – деп пікір қалдырды желідегілер.

Одан бөлек екі жасқа Алматы қаласының элитлық ауданында орналасқан тұрғын үй кешенінен 4 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Әкесінің жақын досы осындай қымбат сый жасаған. Ол туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago