Categories: Саясат

Әблязов бір ажалдан аман қалды. Банкирдің банкрот болғаны рас па?

Экс-президент Назарбаевтың ата жауы, қазірде қиыр жайлап, шет қонып жүрген саясаткер Мұхтар Әблязов бір ажалдан аман қалғанын айтты деп хабарлайды Dalainside. 

Талай жыл бойы іздеуде жүрген банкир тамақтан уланып, төсек тартып қалған. Әп-сәтте ыстығы көтеріліп, көзі қарауытып, аяқ-қолынан жан кете бастапты.

Келесі күні жағдайым тіптен мүшкілденіп, есімнен танып қалдым. Ажал алқымдаған сәтте адамның ойына не келіп, не кетпейді. Өлерімді білгенде өзегімді өкініш кернеді. Алдыма қойған мақсатқа жете алмай арманда кетерімді ойлағанда тіптен түңілдім.

Жаңарған, демократияланған Қазақстанды көре алмай, дәл осылай кете барам ба? Ойым сан-саққа сапырылысып, сандырақтай бастадым,

дейді Әблязов.

Назарбаевтан кейін назарын Тоқаевқа бұрған саясаткер бір ажалдан аман қалыпты. Бұзылған астың уыты тарқап, беті бері қараған екен. Есін жиған сәтте көз алдына Алматының таулары елестеген…

Әйткенмен, әлі де су ішерлігім бар екен, өмір мен өлімнің күресінде алдыңғысы жеңіп шықты,

дейді ол.

Оппозиционер қазіргі жүйемен күресуге қажетті қаражаты таусылғанын айтады.  

Маған қарсы бұрын-соңды болмаған қысым жасалып жатыр. Ресурсым сарқылды. Тіпті заңгерлермен есеп айырысатын ақша таппай, тыпыршып отырған жайым бар. Түрлі тараптан төнген қауіп-қатер күшейіп келеді. Бірақ, біз беріспейміз…

депті өзін қолдайтын аудиторияға үн қатқан Әблязов.

Бұған дейін Бас прокуратура «Әблязовты елге қайтаруға бар күшімізді саламыз» деген еді.

Dalainside дереккөзінің мәлім еткеніндей Жаңа Қазақстан Әблязовты елге экстрадициялау мәселесінде табандылық танытуда. Бұл мәселе жыл аяғына таман біржақты болуы тиіс.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago