Фото: Times.kz
Шымкент полицейлері қылмыстық топты ұстады. Олар адам сатумен, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан.
Шымкент полицейлері құрамында 11 адамы бар қылмыстық топты ұстады. Олар Шымкент, Тараз және Түркістанда кәмелетке толмағандарды жыныстық пайдалану мақсатында адам сатумен, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бұл факті бойынша ұйымдасқан топты құрғандар және оған басшылық еткендерге қатысты тергеу басталды. Сонымен қатар адам саудасы, кәмелетке толмаған қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны, есірткі ұстағаны, жеңгетайлық жасаған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүріп жатыр.
Бүгінде күдіктілер ұсталып, қамалды. Жас қыздарды Қазақстанның түрлі қалаларынан «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы жұмысқа қабылдағаны, онда жақсы еңбек жағдайларымен жоғары ақы төленетін жұмыс ұсынғаны анықталды. Осыдан кейін қыздар алдау және сенімге қиянат жасау, құжаттарды алып қою арқылы жезөкшелікпен айналысуға тартылды, кейін қаланың жалдамалы пәтерлерінде, сауналарында және қонақ үйлерінде бойжеткендерді одан әрі пайдалану үшін оларды сауда және алмастыру жүргізілді, алынған табыс адамды сатқандарға берілді. Қарсы келіп, айтқанын істемеген бойжеткендерге зорлық-зомбылық жасалған, бопсалау, ойлап тапқан айыппұлдар мен есірткі мәжбүрлеп қолданған,
деді полиция қызметкерлері.
Осы орайда тәртіп сақшылары қала тұрғындарына қандай да бір күмәнді оқиға жөнінде хабардар болса, тәуліктің кез келген уақытында «102» нөміріне хабар беруді сұрайды. Бұл қылмыстың ашылуына көп септігін тигізеді және адам өмірін сақтаудың төте жолы.
Еске салайық, адам саудасымен айналысу – ауыр қылмыс. ҚР-да біреуге қысым көрсету, күштеп ұстау, мәжбүрлі түрде жезөкшелікке тарту және адам саудасымен айналысуға тыйым салынған. Мұндай істермен айналысқандар заңмен қудаланады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…