Categories: Спорт

Бокстан әлем чемпионатына байкот жариялаған елдер қатары толығып жатыр

Өткен аптада АҚШ бокс федерациясының өкілдері 2023 жылғы әлем чемпионатына бойкот жариялады

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) жеті бокс федерациясынан алдағы ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қарсы бойкот жариялағаны туралы хабарлама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған себеп — Ресей мен Беларусь боксшыларының 2023 жылғы әлем чемпионатында өз туы астында өнер көрсетуіне рұқсат берілуі.

Өткен аптада АҚШ бокс федерациясының өкілдері 2023 жылғы әлем чемпионатына бойкот жариялады. Содан кейін бұл акцияны Чехия, Англия, Канада, Ұлыбритания және Ирландия бокс федерациялары қолдады. Ал бір күн бұрын олардың қатарына Швеция келіп қосылды. Швеция бокс қауымдастығының басшысы Пер-Аксель Шехольм егер ресейлік және беларусь спортшылары қатысатын болса, онда олар әлем чемпионатына қарсы жарияланған бойкотқа қосылатындарын айтты, деп хабарлайды SVT.

«Мұнда демократия да, ашықтық туралы да сөз жоқ. Біз IBA үндеуін қабылдамаймыз. Демократия мен ашықтық жоқ. Біз өзгерістер болу үшін бірнеше жыл талмай жұмыс істедік, бірақ нәтиже шықпады. Ресей мен Беларусь елдерін жарыстарға жіберіп, өз тулары астында өнер көрсетуге рұқсат беру туралы шешімді олар өздері қабылдады»,

дейді Швеция бокс федерациясының президенті Пер-Аксель Шехольм.

Бокстан әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты Үндістанда 15-31 наурыз аралығында, ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанда өтеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago