Categories: Білім

«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды

2023 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжат қабылдау төрт кезеңнен тұрады.

Құжат қабылдаудың алғашқы кезеңі 27 қаңтарға дейін созылады. Екінші кезең 2023 жылғы 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында, одан кейін 5 маусым мен 7 шілде аралығында және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында жүреді.

Конкурстық іріктеу 20 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. Өтініштер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады.

Биыл магистратура және резидентураға 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді. Ұсынылатын ЖОО-лар тізімі әлемнің 27 елінен 236 университетті қамтиды. Басым мамандықтар тізбесіне 262 мамандық кірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасы бойынша «инженерлік-техникалық мамандар» деген жеңілдік санаты бекітілді. Сонымен қатар медицина қызметкерлері үшін жеңілдік санаты енгізілді. Квоталық санаттардың тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі бар. Олар құжат тапсырған кезде шетелдік ЖОО-ға өз бетімен түсуге міндетті емес.

Олар оқу орнын стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама аясында оқуға ұсынылатын ЖОО-лар тізімінен таңдай алады.

Еске сала кетейік, жетекші шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыруы бар үміткерлер ғана «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатыса алады. Оларға жеңілдігі бар кандидаттар жатпайды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago