Categories: Қоғам

Болашағы ұрланған жастар Кореяға қашпағанда не істейді?

Қазақстанның екі азаматы Оңтүстік Кореяны шулатыпты. Корея билігі оларды Қазақстанға қайтарып жібермек болғанда екеуі қашып кеткен екен. Біреуі ұсталып, екіншісін әлі іздеп жатыр деседі.

Қазақ баласы несіне Қазақстанға қайтқысы келмей, Кореяға сонша жармасады?

Саясаткер Қазбек Бейсебаевтың сөзінше, өйткені Қазақстанда жалақысы тәуір жұмыс жоқ.

Ол балалар өзі мен үй ішін асырау үшін Кореяға гастарбайтер болып қашты. Жиырмадан енді асқан қазақтың балалары. Назарбаевтың солар үшін алдымен 2030 деп, сосын 2050 деген бағдарламасымен жарқын болашақ жасап беремін деген уәдесі қайда? Қазақ баласы енді алыстағы бөтен елде қалай да қалуға тырысатын болды. «Дамыған 30 елдің біріне айналамыз» деп бөскен "бас зейнеткер" мен оның қаптаған жағымпаздары қайда?

Бізде қазір халық көбейіп жатыр, мектеп табалдырығын аттайтын балалар жылдан-жылға көбеюде. Жыл сайын мектеп бітіріп жатқан балалар қаншама?

оларға кім жұмыс тауып береді, деген сауал тастайды сарапшы.

Кешегі «ұлт көшбасшысы» өндіріс ашып, жұмыс орындарын құрудың орнына ақшаның бәрін далаға шашты, ЭКСПО, ЛРТ сияқты жөн-жосықсыз, еш пайдасыз далбаса тірлікке.

Нәтижесі міне,

қазақ жастары жұмыс іздеп шетелге қаңғып кетуге мәжбүр.

  • Назарбаев біздің жас ұрпағымызды жай алдап қана кеткен жоқ, ол жастардың болашағын ұрлап алды, деп күйінеді Бейсебаев.
Айтпақшы, Оңтүстік Корея билігі енді Қазақстан азаматтарын еліне кіргізу тәртібін күшейтуі бек мүмкін.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago