Болашағы зор Жолдау, жыр болған Нұр-Сұлтан және қимастықпен қоштасқан Шөкеев

Өткен аптада қазақ аудиториясы саяси тақырыптарды кеңінен талқылады. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Нұр-Сұлтан атауын қайта Астана деп өзгерту бастамасы, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кетуі себеп болды.

Әрине, өткен аптаның басты жаңалықтарының бірі — президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы болды. Аудитория әр пункты жіті бағалап, өз пікірлерін білдірді. Әсіресе 2024 жылдан бастап Ұлттық қордан табыс әр баланың шотына аударылатыны туралы жаңалық баласы бәр әр шаңырақты қуантып қойды. Дегенмен, бұл мәселені көпшілік 30 жылдан бері айтып жүргенін және осы уақытқа дейінгі табыс мақсатсыз жұмсалып кеткеніне әттеген-ай дегендер де болды.

Мемлекет басшысының «Халықтан жаңа сенім мандаты» қажет деп кезектен тыс президент сайлауын жариялауын, сондай-ақ президенттікті 7 жылдан тұратын бір мерзіммен шектеу ұсынысын жұрт екіұшты қабылдады. Бірі Жолдаудағы жағымды ұсыныстар электораттың ұпайын жинау десе, бірі Тоқаевтың тұңғыш президенттің жолын қайталап келе жатқанын меңзеді. Конституцияға өзгерістер енгізе беру, жалпы, нашар үрдіс екенін айтқандар да болды.

Сондай-ақ елге 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға утилизациялық алымсыз әкелініп, тіркеуден өтпей жүрген шетелдік көліктерді заңдастыру ұсынысын көпшілік автосүйер қауым әділетсіз шешім деп қабылдады. Көлік әкеліп үлгермегендер бұрынғы тарифпен төлейтініне наразы болды. Ал бар болғаны 200-250 мың теңге тарифпен заңдастыруға болатынын білген автокөлік иелерін бұл жаңалық қуантып қойғаны анық.

Жолдаудан кейін «Жаңа Қазақстан» депутаттар тобы президенттік сайлауды биыл күзде өткізуді және елорданың атын қайта қайтаруды ұсынды. Депутаттар бұл уәжін «адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс емес және қаланың жаңа атауын халық қабылдамады» деп түсіндірді. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл ұсынысты да екі түрлі қабылдады. Бірі бастамаға қуанса, бірі депутаттарды бюджет ақшасын оңды-солды шаша бермей, басқа маңызды мәселелерді шешуге шақырды. Әрі 3 жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев осы ұсынысты депутаттар талқысына салған кезде неге қарсы шықпадыңыздар деп сынға алды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтың отставкаға кетуі де қоғам назарынан тыс қалмады. Ол мұндай шешімді Кентау қаласының бұрынғы басшысы Дәурен Мақажанов жемқорлық жасағаны үшін 10 жылға сотталғанынан кейін қабылдады. Көпшілік әкімнің принципшілдігіне риза болды. Басқалары кәсіби әкімнің орнынан кеткеніне қапаланды. Экс-әкімнің Жаңа Түркістанды қалауда еңбегі зор екенін, әрі Мақтааралды су басқанда, Арыста жарылыс болғанда басы-қасында жүріп, оңтайлы шешімдер қабылдағанын жергілікті жұрт ризашылықпен еске алды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago