Categories: Саясат

Болат Әбілов бала сияқты. Сарым оппозицияны «сойды»

Тоқаевтың тағы да бой бермей сайланып алуы мүмкін екенін терісімен сезген еліміздегі демократияшыл күштер бірігіп, жиналған еді өткенде. Олар сайлаудың кезектен тыс өтуіне қарсылығын айтып, тіпті митинг ұйымдастыруымыз керек десті. Сонымен бірге, егер кезектен тыс сайлау өтетін болса, қазақ оппозициясы президенттік додаға ортақ кандидат шығаруға дайын екенін мәлімдеген.

Болат Әбілов құрған демократиялық күштер коалициясы туралы бір кездегі беделді саясаттанушы, кейін мәжіліске барып депутат бола қалған, енді өзін «жаңа Қазақстанға» жатқызып қойған Айдос Сарым былай депті:

– Саяси амбициясы өзінен зор адамдар өріп жүр елімізде, партия құрамын деп күшеніп қоятын. Бірақ олардың көбі баспасөз жиынын өткізуден әріге бармайды. Партияны қаржыландыру үшін кемінде жылына 4-5 милион доллар керек. Бұл тек облыс, аудандарда отыратын адамдардың айлығы, жалдайтын кеңсесі мен ұсақ-түйегі. «Ескі Қазақстанның» немесе кеткен есесін қайтарайын деп жүрген «реваншистердің» ақшасы өте көп екенін білемін, бірақ соның өзінде Қазақстанда ары кетсе, 3-4 жаңа партия ғана құрылатын сияқты. Қалғандары осылай демократиялық күштер коалициясын құрудан арыға аса алмас. Жақтастарымызды көшеге шығарамыз депті. Алдымен митинг өткізуге рұқсат сұрап, арыз беріп көрсін. Сосын көрейік. Кореяда түрлі партиялардың бірі сары, бірі көк дегендей өз түсі бар екен, әр партия шараларын өткізгенде сол түстерін жалаулатады. Біздің оппозиция да сөйтсін, сонда Әбіловті қанша адам, Мамайды қанша, Бапиді қанша адам қолдайтынын көрер едік.

Спортта ешкім жарыс алдында баспасөз жиынына келіп, «Мен самбодан әлем чемпионымын!» демейді. Сайлауда да солай болуы керек. Алдымен сайлауды өткізіп көрейікші. Кімнің «серьезный» адам, кімнің «балабол» екенін сосын түсінер едік.

Әбілов Болат Мұқышұлы саясатта бұрыннан жүрген адам болса да, әлі толық саяси жетілмегенін байқатты. Біресе сайлауды кезектен тыс өткізуді заңсыз дейді, біресе оған ортақ кандидат шығарайық дейді. Әбіловтің ақылы болса, былай деуі керек еді:

«Біздің жақтастарымыз баршылық, қаражатымыз да бар. Біз барлық сайлауға, оның ішінде ауыл, аудан-қала әкімдерінің сайлауына қатысатын боламыз. Біз кандидаттар іздеп, оларды қолдап, ел билігінен өз үлесімізді алу үшін халықты сендіріп, артымыздан ертуге дайынбыз», деп.

Ал мынау «біз ғана президент болуға лайықпыз, биліктің қалған барлық деңгейі әдірем қалсын» деген көзқарас – ақымақтық, былайша айтқанда, баланың әңгімесі. Оларда шанс жоқ, шындығында. Өйткені қазіргі билікке баяғыдай 90-80 пайыздық сөзсіз жеңіс қажет емес. 50 плюс 1 дауыс алса да жетеді. Кешегі референдум көрсеткендей, қоғам Тоқаевты қолдайды.

Билікте «ескі Қазақстанның» өкілдері отыр деп сын айтқыштар көп. Өздеріне неге қарамайды, демократиялық күштер коалициясындағылардың өздері де «ескі Қазақстан» емес пе еді?

Президент деген саясаткер. Ал әрбір саясаткер қарсыласының алдын орап, олардан озып кетуді ойлауы тиіс. Ал біздің оппозиционерсымақтарымыз жоқ жаумен алысып жүр, тұғырынан түсіп қалған «назарбаевски режиммен» күреспек. Әбіловтер әлі кешегі күнде жүр. Оппозицияда Тоқаевты жеңе алатындай бір жаңа адам, мынау лайықты фигура дейтіндей бір тұлға жоқ.

Халық өзі қанша сынаса да, биліктің керек екенін қаңтарда көрді. Мен Әміржан Қосановпен араласамын. Ол да аузын аша алмай отыр, қит етсе әлеуметтік желілер мен халық түтіп жеп қояды. Ол ішіндегіні айта алмай отыр.

Ермұрат Бапиің болсын, басқасы болсын – қазіргі президентке ешбірі шын қарсылас болуға жарамайды. Ренжімесін,

дейді Сарым.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago