Болат Назарбаевқа тиесілі «Алтын орда» енді болмайды

«Алтын Орда» сауда базары көтерме-тарату орталығы болып қайта құрылады.  

2030 жылға қарай Алматы қаласында 5 жаңа полиорталық пайда болады.

«Шығыс қақпасы» — Құлжа трактінің бойындағы аудан. Ол полиорталығы халықаралық әуежай мен «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» трассасына жақын болған соң, ірі автобус желілері бар логистикалық хабқа айналады.

Оның құрамына LRT станциясы, «Восточный« автовокзалы, қала маңындағы қоғамдық көлікпен біріктірілген BRT желісі кіреді. Мұнда көрме — ойын-сауық орталығы, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымы бар жаңа рекреациялық аймақ орналастырылады.

«Батыс» — Боралдай кентінің маңында «Алматы – 3» вокзалы пайда болады. Оның базасында көлік-логистикалық хабы дамиды. «Сақ қорғандары» этнографиялық бақтың айналасындағы инфрақұрылым дамиды. Бүгінде ауданы 90 га желілік рекреациялық бақ, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымы бар тұрғын үй кварталдары құрылған.

«Оңтүстік-батыс» полиорталығында бұрыннан бар нысандар қайта форматталады. Оның ішінде «Алтын Орда» сауда базарын көтерме-тарату орталығы етіп қайта құру жоспарланған. «Барлық» базарының орнына метро стансалары, жүрдек автобус желілері және теміржол вокзалы бар «Батыс» көлік айырбастау торабы құрылады.

«Тарихи орталықтың» шекарасында абаттандыру жұмыстары жалғасады және тарихи-мәдени мұраға жататын ғимараттарды қалпына келтіріледі. Инженерлік желілер жаңартылады. Ақылы тұрақтар, велосипед жолдары көбейеді. АЗТМ, Киров атындағы зауыт, СИЗО  көшірілетін болады, олар мен ескі тұрғын үйлердің орнына заманауи үлгідегі кварталды құрылыс пен жаңа іскерлік кластер пайда болады,  

Сондай-ақ ескірген және қалпына келтіруге болатын үйлер қайта жаңартылады. Саин, Момышұлы, Алтынсарин көшелері мен басқа да шағын аудандардың көшелерінде променадтар қойылатын болды. Шенеуніктер батыс бағытта үш жаңа метро стансасының құрылысына және Төле би көшесінің бойында бірінші жүрдек трамвай желісін іске қосуға (2027 жылға дейін) уәде берді.

Атақты барахолка да қала сыртына көшірілуі мүмкін. Алайда нақты қайда көшірілетіні айтылған жоқ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

20 минут ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

23 минуты ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

1 час ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago