Categories: Қоғам

Болат Назарбаев автобазарынан айырылуы мүмкін — БАҚ

Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Пятый регион» басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Қарасай ауданындағы сотта прокуратура, жергілікті әкімдік және Болат Назарбаев арасында талқылау жүріп жатыр.

Қарасай ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 35 гектардан асатын жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды талап етеді. Мұның себебі қарапайым: бұл учаскелер «суармалы егістік» ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызылды, ал жер кодексіне сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптары ерекше қорғалуға жатады. Нысаналы мақсатын өзгертуге ешқандай негіз жоқ, жол берілмейді,

делінген «Пятый регион» материалында.

БАҚ жерді беру фактісі өрескел бұзушылықтармен болғанын атап көрсеткен. Сондықтан прокурорлар сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды және оларды мемлекет балансына қайтаруды талап еткен. 

Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы

Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаев Алматыдағы зауыттың 31,9 пайызын мемлекетке қайтаруға міндеттелген болатын. 16 наурызда Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің талап-арызы бойынша Болат Назарбаев пен PLS-TM ЖШС-ны Алматы ауыр машина жасау зауытының акцияларын мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттегені белгілі болды. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago