Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Қайрат Нұртасты қалай казинодан құтқарғанын айтты

Болат Назарбаевтың экс-жары Динара Алжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат беріп, әнші Қайрат Нұртасты казинодан қалай құтқарғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2016 жылы экс-президенттің інісіне тұрмысқа шыққан атыраулық келіншек Болат Назарбаевтың 15 сотық жерімен үй және қымбат көлік сыйлағанында айтты. Өнер жолына бет бұруды көздеген Динара кейін шоу-бизнес өкілдерімен танысқан. Әнші Кенталмен бірге казиноға барып, ұтылып қалған Қайрат Нұртасқа сол жерде көлігін беріп кеткенін айтты. 

Кентал ән жазуды ұсынды. Бауыржан Беймахановтан «Үндемейді жүректі» 1500 долларға алдым. Бейнабаянды бір жігіт түсіріп берді, қымбат емес. Оны өз үйімде түсірдім. Кентал студиямен таныстырды, сөйтіп араласып кеттік. Оған көмектестім. 20 мың доллардай қаражат бердім. Анасымен де таныстырды,

дейді Динара Әлжан.

Назарбаевтың экс-жұбайының айтуынша, Кентал бір күні оған казиноға шаруалармен барып келуді ұсынған.

Бір күні маған казинода бірдеңе болып қалды, досыма барып келейікші деді. Бардық. Бір досы бар пайызға ақша береді. Қасында тағы бір әнші болды, таныстырды. Қиналып отыр екен,  «қара енді көмектескің келсе, көмектес» деді Кентал,

дейді әнші.

Осы сәтте Нұрсейіт Жылқышыбай қиналып отырған әншінің кім екенін нақтылау үшін «Қайрат Нұртас па?» деп сұрады.

Иә, қатты қиналды ол. Қайрат Нұртастың өзі бала емес, ол да бір сынақ болар. Жастық шақта не болмайды, әдейі бармаған шығар. Ұтылып қалғанын көріп отырмын, мен машинамды бердім. Ертең түсте машинаңды қайтарамын, үстіне 2 мың доллар қосып беремін деді,

деп қиналған әншінің Қайрат Нұртас екенін растады.

Динара Әлжан артық ақшаның керек емес екенін, тек алдағы уақытта казиноға жоламауын сұрағанын айтты.

Мына жерден тыныш кетсеңіз болды, ойнамаңыз. Сізге мұндай мәселе неге керек? Халықтың баласы, өзім аяп кеттім. Кім қателеспейді деп машинамды бердім,

деді Динара.

Осылайша Қайрат Нұртаспен келесі күні кездесіп, әнші көлігін қайтарған. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago