Categories: Оқиға

«Бопсалап ақша сұрайды»: Семейдегі «Жас ұлан» лицейінде офицер оқушыны белбеумен ұрған

Семейде “Жас Ұлан” арнайы әскери лицейде бір-біріне әлімжеттік көрсеткен бейнежазбалар тарап жатыр. 

Әлеуметтік желілерде Ш. Уәлиханов атындағы “Жас Ұлан” арнайы ерлер мектеп-лицей интернатында офицердің оқушыны белбеумен ұрғаны және жігіттердің бір-біріне әлімжеттік көрсеткен бейнежазбасы таралды. Мұны біреу қоғам белсендісі Дина Таңсәріге жіберген.

Бейнежазба авторының айтуынша, бұл мектепте мұндай оқиға жиі орын алады. Әрі офицерлер бопсалап, ақша алатынын да айтты.

“Ақша талап еткен бірнеше офицер жұмыстан шығарылды, бірақ ақша бопсалаған ұландар қалды, олар әлі бар”, – деп жазды ол.

Автордың айтуынша, офицер 2-тоқсанның аяғында оқушыны белбеумен ұрған. Ал оқушы екінші жігітті бетінен шапалақпен ұрғаны өткен жылы мамыр айында болған.

Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан” арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ оқиғаға түсініктеме берді.

“3 ақпанда әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 111-взвод ұланы 91-взвод ұланына соғып жіберген бейнежазба табылды. Сондай-ақ офицер 71-взвод ұланын белбеуімен ұрған бейнежазба анықталды. Жоғарыда аталған фактілер 2022 жылдың қазан айында орын алған”, –деп мәлімдеді мектеп әкімшілігі.

Айтуынша, кінәлі адамдарға қатысты тәртіптік жаза қолданылып, 6 ақпанда 111-взводтың тәрбиеленушісі оқудан шығарылды. Ал офицер 8 ақпанда қызметінен босатылған.

“Ұландар арасындағы қарым-қатынас, жанжалды жағдайлар мен педагогтердің іс-әрекеттері Семей қаласының «Жас Ұлан» лицейі мен Абай облысы білім басқармасының басшылығының тұрақты бақылауында”, – деді мектептің баспасөз қызметі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago