Саясат

Боранбаев бостандыққа шықты

Бас бостандығын шектеуге кесілген сотталушы жазасын тұрғылықты жері бойынша өтейді, оларға пробациялық бақылау орнатылады.

Мекеме әкімшілігі сотталушыға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кетуге ұйғарым береді, сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.

Биыл 6 қарашада Боранбаев Қ. босатылды.

Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді:

  • сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;
  • мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;
  • қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.

Еске сала кетейік, Қайрат Боранбаев 2022 жылы наурызда қамауға алынды. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаев өз еркімен мемлекетке 90 млрд теңгенің активтерін қайтарғанын мәлімдеді. Олардың арасында мұнай кен орны, газ тарату компаниясы, қонақ үй және сауда ойын-сауық кешендері бар.

Бұдан кейін Қайрат Боранбаевтың мемлекетке кеңсе үй-жайларын, сауда-ойын-сауық кешенін және дене шынықтыру-сауықтыру желісін қайтарғаны хабарланды. Оның ішінде құны 33,75 млрд теңге болатын нысандар бар.

Боранбаев сонымен қатар тау кен орны мен газ тарату компанияларын мемлекетке қайтарды. Сондай-ақ құны 14 млрд теңге болатын газ тарату компаниясы да мемлекет меншігіне өтті. Астананың сол жағалауындағы қонақ үйін өз еркімен мемлекетке берді.

Боранбаев – ірі кәсіпкер, Қазақстандағы, Беларусьтегі және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald’s жылдам тамақтану желісінің және тағы басқа ірі компаниялардың иесі. Оның қызы Әлима 2020 жылы жазда Нұрсұлтан Назарбаевтың қайтыс болған жиені Айсұлтанға тұрмысқа шыққан.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago