Categories: Қоғам

Боранбаев ісі бойынша куәгерлердің айғақтарын БАҚ-та жариялауға тыйым салынды

Енді БАҚ өкілдері Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Таймыр Жанұзақтың ісі процесін ашық түрде жариялай алмайды. Оларға фото, видео түсіруге тыйым салынды.

Астана қаласының № 2 Сарыарқа сотының судьясы Назгүл Балаково кезекті отырыс басталғанға дейін сот залынан телеоператорларды алып тастауды талап етіп, журналистерге телефонға фото және видео түсіруге тыйым салды.

Сот жеке деректерді, куәгерлердің айғақтарын, залда фотосуреттер мен бейнежазбаларды көрсетуге тыйым салды,

деді Назгүл Балаково.

Судьяның айтуынша, бұған дейн интернет-ресурстардың бірінде сот залында түсірілген видео үзіндісі тарап, оған монтаж арқылы жалған субтитр қойылған. Бірнеше ескертуден соң бейне өшірілген.

Куәгерлер сотта өздерінің жеке деректері мен айғақтарының бұқаралық ақпарат құралдарында таралуына қарсы екенін айтып, сотқа жүгінді. БАҚ-та куәгерлердің келісімінсіз олардың дербес деректері таратылады, бұл ҚР Дербес деректер және оларды қорғау туралы Заңының 10-бабының ережесін бұзады. Журналистер өздерінің субъективті сенімдерімен сот тергеуі туралы теріс қоғамдық пікірді алдын-ала қалыптастыруға тырысады, бұл заңға сәйкес қолайсыз,

деді судья.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago