Categories: Қоғам

Боранбаев Макдональсты қалай ашқанын есіне алды

Қазір қамауда отырған кәсіпкер Қайрат Боранбаев әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанда Макдоллнадс мейрамханалар желісін қалай ашқанын есіне алды. Ол алдымен соңғы бірнеше аптада халықтың басым бөлігі Қазақстандағы Макдональстардың жабылуы мен ескі орнында ноунейм мейрамханаларының ашылуын талқылап жатқанын атап өткен.

Мұның бір ғана себебі бар – бұл азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі. Алғаш рет Ресейдегі Макдональдс мейрамханасымен мен іссапарлардың бірінде – Пушкин алаңында бірінші нүктесі ашылған кезде таныстым. Бізде ондай нәрсе жоқ!

деген бірінші ой келді дейді кәсіпкер.

Мейрамхананың кезегінде кіреберіске жақын тұру үшін 20 долларға орын сатып алыпты. Кіргендегі көрініс әлі есінде: дизайн, төсбелгісі бар жас қызметкерлер, қызмет көрсету кассалары және адамға толық мейрамхана.

Осылайша мен МакДональдс брендімен таныстым. Брендтің метафизикасы, адамдары, орны, уақыты — осының бәрі бөлек әлемдей көрінді,

делінген Боранбаевтың парақшасында.

Кәсіпкер сол кезден бастап өзінде бір ғана мақсат болғанын жеткізген, ол– МакДональдсты Қазақстанға әкелу!

Бұл ойлармен күндіз-түні өмір сүрдім — МакДональдс брендінің тарихын басынан аяғына дейін білдім. Бірақ, бұл арманымның орындалуы 16 жылға созылады деп ойлай алмадым.

Мен Ресей Федерациясының Макдональдс Президенті Хасбулатов Хамзатпен танысып, осы жылдар ішінде Хамзат Хамидовичтен көп нәрсені үйрендім.

2014 жылдың қазан айында Мен Қазақстанға Макдональдс франшизасына қол қойып, Беларусь нарығын, ал екі жылдан кейін Ресейдегі Урал аймағын да иемдендім. Кәсіпкер ретінде мені осы компанияның технологиясы мен корпоративтік мәдениеті таң қалдырды. Мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі мейрамханаларға барып, стандарттардың бірлігіне, әртүрлі дінмен мәдениетке қарамастан тұтынушыларға тез, сапалы және күлімсіреп қызмет көрсетулеріне таң қалдым. Мен өзім 9 айлық франчайзингтік оқыту бойынша 9 айлық тәжірибеден және Мәскеу мейрамханасында 2 айлық жұмыстан жеке өту кезінде мен клиенттердің көздерінен және қуаныштарынан үлкен эстетикалық ләззат алдым.

Мен үш елге: Беларусь, Қазақстан, Ресейге франшиза алған Макдональдстың еуропалық бағытында жалғыз болғанымды мақтан тұтамын. Адамның бойындағы ең басты қасиеттер – еңбекқорлық, тілек пен қыңырлық екеніне тағы көз жеткіздім, өйткені менде осы қасиеттерден басқа ерекше таланттар болған жоқ.

Егер әрқайсымыз ұмтылып, жұмыс істесек, одан да көп жетістікке жететінімізге кәміл сенімдімін,

деп жазған кәсіпкер.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

17 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago