Қоғам

Босанатын әйелдің жанына туысының кіруіне тыйым салынды

Қазақстанда қызылша дертінің өршуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облыстық перинаталдық орталығында босанатын әйелдің жанынан серіктес болып кіруге уақытша тыйым салынды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде СҚО перинаталдық орталығында қызметкерлердің бірі қызылшамен ауырып қалғаны туралы ақпарат шыққан еді. Қызылша жаңа туған нәрестенің өмірі үшін аса қауіпті, бұл жұқпалы ауру өлімгедейін жеткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform ХАА сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі медицина қызметкерінің расымен дертке шалдыққанын, бірақ ауруды жұқтырған қызметкер ол кезде баласымен бірге науқастануына байланысты демалыста болғанын мәлімдеді.

Науқас қызметкер емдеу мекемесінде емделушілермен байланыста болмаған. Облыстық перинаталдық орталықта қызылша инфекциясы тіркелмеген. Перинаталдық орталықта карантин енгізілген жоқ, бірақ серіктестік босануға тыйым салынды. Мұндай шешім көбісі вакцинация паспортын ұсынбағанына әрі қызылшамен ауырғанын растай алмағанына байланысты қабылданған.

Қызылшаның инкубациялық кезеңі ұзаққа созылады, келушілердің бірі ауруды жұқтырушы болуы мүмкін.

Бұл науқастар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына қауіп төнбеуі үшін қабылданған шешім.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago