«Бриллиант алқа, 101 раушан гүл»: Шоу бизнес өкілдері жұбайларына не сыйлады?

Мереке қарсаңында өнерпаздар аналары мен әйелдеріне не сыйлайтынын айтқан екен.

Блогер, ел арасында «NNN» атымен танылған Нұрдәулет Бектұрсын «сүйіктім жоқ, бірақ анама қымбат сыйлық сыйлаймын», деген.

Анама көлік әпергенмін бірақ сатып жіберді. Қарыздарын құтылу үшін сатып жіберіпті. Енді осы мерекеде су жаңа көлік әпергім келіп тұр. Бірақ әзірге өзімнің де қарыздарым бар әлі жабылған жоқ бірақ міндетті түрде әперемін. Бағасы шамамен 5 – 10 миллионның шамасында,

деді блогер.

Тіпті блогер осы мерекеге орай өзіне де сыйлық сыйлады. 200 миллионға бағаланған су жаңа  Lamborghini Urus көлігін алыпты.

Әнші Ұланғасыр Қамиев келесі жылы бұл мерекеге орай анасына келін сыйлайтынын айтып қалды.

Ең бірінші кезекте анамызға сыйлық сыйлауымыз керек. 8 наурыз болған соң осы күні сыйлаймыз ғой бәріміз. Мерекеге дейін бриллиант сырға сыйлап едім. Осы мерекеге көлік сыйлайын десем анам ауылда тұрады, оның үстіне көлік тізгіндей алмайды. Бірақ ойланып отырмын. Менің қызым жоқ бірақ келінді келесі жылы сыйлаймын,

дейді әнші.

Ал актер Артур Толепов жыл сайын анасына да, жарына да бағалы сыйлық сыйлағанын айтты.

Анам көптен бері телефонын жаңаласам деп жүрген еді. Соған су жаңа андройд модель ұялы телефон және гүл шоқтарын алдым. Ал жарыма келер болсақ бриллиант алқа мен 101 раушан гүліне тапсырып бердім,

дейді өнер иесі.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago