Жемқорлық

Бурабайдағы казино заңсыз 4,6 млрд ақша тапқан

Ақмола облыстық прокуратурасы Бурабайдағы танымал казиноға тексеру жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тексеріс барысында Бурабай ауданында орналасқан казиноның ұтыс пайызына қойылатын талаптарды сақтамағаны және ойын автоматтарын заңсыз пайдаланғаны анықталды.

Сот шешімімен казино әкімшілігі ҚР ӘҚБтК-нің 445-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 450 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, 4,6 млрд теңге көлемінде заңсыз жолмен алынған кіріс тәркіленіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Казиноның лицензиясы 6 ай мерзімге тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Казино «Ойын бизнесі туралы» заңды бұзып, екі жыл ішінде 4,6 миллиард теңге көлемінде заңсыз пайда тапқан.

Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмаған 15 жасөспірімнің ойын мекемесінде жұмыс істейтіні анықталды, заң бойынша олардың еңбегін ойын бизнесінде пайдалануға тыйым салынған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысы полицияға жүктелді», – делінген Ақмола облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago