Оқиға

Бурабайдағы Rixos қонақ үйінің 17 қызметкері тамақтан уланды

Бурабайдағы Rixos қонақ үйінің 17 қызметкері тамақтан уланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Rixos қонақ үйінің 17 қызметкері ауруханаға денсаулығының нашарлауы бойынша арызданған. Дәрігерлердің олардың барлығына «тамақтан улану» диагнозын қойды. Ал, тоғыз адам Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды.

Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасованың айтуынша, Rixos қонақ үйінің қызметкерлері арасында 17 улану оқиғасы тіркелген.

Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды, қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды, жағдайлары қанағаттанарлық7 Бурабай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қонақ үйге жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Қонақ үй персоналы, оның ішінде ас блогы тексерілді. Тамақ өнімдерінің сынамалары, шайындылар, тамақ суының сынамалары алынды. Енді, зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін, уланудың себептері айтылады. Алынған сынамалардың барлығына зерттеулер жүргізіліп жатыр,

деді С.Сәдуақасова.

Көкшетау көпсалалы қалалық ауруханасының директоры Сәкен Қалымжановтың хабарлауынша, ауруханаға уланған тоғыз адам келіп түскен. Олардың барлығы-18-20 жас аралығындағы жастар.

Айта кетейік, уланғандар ішінде хостелде жатқан студенттер де бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago