Categories: Экономика

Былтыр қазақстандықтарға 2,9 триллион теңге зейнетақы төленді

Былтыр қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2,9 триллион теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға 883,7 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 2 022,6 миллиард теңге жұмсалды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, 2022 жылғы желтоқсанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 247,4 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге 75,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 172 миллиард теңге бөлінді.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 295 мың зейнеткер бар.

2023 жылдың 1 қаңтарында жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 108 761 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 74 950 теңге, базалық зейнетақы – 33 811 теңге.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр зейнеткерге жеке тағайындалады.

Азаматтың жасына байланысты зейнетақы мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.

Ынтымақты зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ке көтеріледі. Бұл 2014 жылы қабылданған зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес келеді.

Сонымен қатар ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Мемлекеттік базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мен ең төменгі мөлшердің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-тен 60%-ке дейін ұлғаюына байланысты артты.

Осылайша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақының ең төменгі мөлшері 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңгеге дейін өсті.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago