Былтыр қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2,9 триллион теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға 883,7 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 2 022,6 миллиард теңге жұмсалды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, 2022 жылғы желтоқсанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 247,4 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге 75,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 172 миллиард теңге бөлінді.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 295 мың зейнеткер бар.
2023 жылдың 1 қаңтарында жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 108 761 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 74 950 теңге, базалық зейнетақы – 33 811 теңге.
Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр зейнеткерге жеке тағайындалады.
Азаматтың жасына байланысты зейнетақы мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
Ынтымақты зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ке көтеріледі. Бұл 2014 жылы қабылданған зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес келеді.
Сонымен қатар ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Мемлекеттік базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мен ең төменгі мөлшердің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-тен 60%-ке дейін ұлғаюына байланысты артты.
Осылайша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақының ең төменгі мөлшері 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңгеге дейін өсті.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Иран президентін жерлеу рәсіміне баратын жоспары жоқ…
Эстрада әншісі Абай Бегейдің қызы, блогер Ерке Ниязқұлова «Инстаграм» парақшасында өгей анасы туралы әңгіме қозғады.…
Кинематография әлеміндегі ең танымал қазақ көрші елде өте керемет жобаларды жүзеге асырып отыр, ал президент…
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…
Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…