Жемқорлық

Былтырғы Екібастұздағы апаттан ешкімнің сабақ алмағаны өкінішті (видео)

Өткеннен сабақ алмайтынымыз өкінішті.

Өткен аптаның жұма күні Оңтүстік өңірде күн суытып, қар жауды. Абырой болғанда, Алматы, Шымкент, Тараз, т.б. қалаларда жылу жүйесі сыр берген жоқ. Бұған да тәубе.

Есесіне, еліміздің өзге өңірлерінде соңғы екі күнде, атап айтқанда, Степногорск, Екібастұз, Ақтау, Балқаш, сондай-ақ, Теміртау,  Риддер,  Жанаөзен жылу беру жүйелерінде ірілі-ұсақты апат орын алып, ел-жұртты әбігерге салды. Айтпақшы Атырау қаласы сусыз қалғанын көрдіңіздер, деп жазды TengeLife.

Енді осы жерде айтатын бір әңгіме бар. Қазір ақпараттық технологияның дамыған заманы. Күн райының болжамын алдын ала білуге болады. Интернетте бір апта, 10 күн, тіпті бір айға дейін күн райының болжамы тұр.

Тиісті коммуналдық-шаруашылық мекемелері, олардың қызметін бақылап отыратын жергілікті әкімшіліктер қайда қараған?

Таяуда ғана Энергетика министрлігінің өкілдері, осы салаға жетекшілік ететін Роман Скляр «бәрі жақсы, қысқа сақадай саймыз» деп баяндаған еді.

Бір қызығы, апат болған аймақтарда, Балқаш, Екібастұз, Ақтау қалаларында жылу беру тоқтатылмайды деп сендіреді жергілікті әкімшілік өкілдері. Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, Екібастұз ЖЭО-ның зақымдануы «температураны шамалы ғана төмендетеді».

Ақмола облысының әкімдігі кеше кешке Степногорск қаласындағы барлық жылумен қамту нысандары қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Ал Энергетика министрлігі вице-министр Нұрмағанбетовтың отставкаға кететінін растады.

Осы жерде еске сала кетейік, 25 қыркүйекте Энергетика министрлігі Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Илья Рожков «Екібастұздағы жылу электр стансаларының жылу беру маусымына дайын еместігі» туралы ақпаратты жоққа шығарған еді. «Қажет болса, электр стансасын қазір іске қосуға болады», — дегені есімізде.

Біз осы өткеннен сабақ алмаймыз. Былтырғы Екібастұздағы алапат апаттан ешкімнің сабақ алмағаны өкінішті. Жылдағы жағдай осы.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago