Categories: Экономика

БЖЗҚ қаражаты Марокко, Катар және Панаманың бағалы қағаздарына инвестицияланған

Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаражаты Марокко, Катар және Панаманың бағалы қағаздарына инвестицияланды.

Есепке сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ-ның 16 триллион теңгеден астам активтері Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруында болды.

Өткен айда зейнетақы қорларының инвестициялары аясында 14,76 млрд теңгеге шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары сатып алынды. Жылдық орташа алынған кірістілік 5,55 пайызды құрады. Әңгіме Панама (6,7 млрд), Марокко (5,8 млрд) және Катар (2,2 млрд) сияқты елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары туралы болып отыр.

Тағы 340 млрд теңгеге Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды.

Маусым айында First Heartland Jusan Bank АҚ мен «Нұрбанк» АҚ жалпы сомасы 29,8 млрд теңгеге облигациялар бойынша БЖЗҚ алдындағы бағалы қағаздарға қатысты берешегін өтеді. Инвестицияланған зейнетақы активтері бойынша тағы 13,4 миллиард қарызды АҚШ үкіметі өтеді.

Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2023 жылдың басынан бастап  инфляция 5,3 пайыз болғанда 3,8 пайызды құрады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago