Categories: Қоғам

Чехияда дәнекерлеуші 800 мың теңге айлық алады

«Чехияда жұмыс көп, 11 миллионға жуық халқы бар елде жұмыс күші жетпейді», — дейді Чехияда өмір сүріп жатқан журналист Руслан Меделбек. Бұған себеп — зауыт, фабрика көп. Жылына Қазақстанға 200-300 жұмыс квотасы бөлінетін көрінеді, одан бөлек агентуралар арқылы, заңсыз да келіп жатқан қазақ өте көп.

Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Молдовадан келгендер бар. Соғыстан соң жүздеген мың украиналықты паналатты. Оған қоса Польша, Словакия, Венгрияның ВНЖ құжатын алып, Чехияға келіп заңсыз істеп жүргендер де көп. Бәріне жұмыс бар,

дейді журналист.

Меделбекпен сөйлескен қазақтың қай-қайсы да Чехияда елдегі жұмысынан әлдеқайда көп жалақы алатынын айтқан. Айтуынша, бір танысы Чехияның шағын қаласында дәнекерлеуші болып айына 800 мың теңгедей тапқан. Тапқанының жартысын елдегі отбасына жіберсе, қалғанына Еуропа аралап қайтқан. Қазақстанда жүргенде өмірінде қолына «сварка» дегенді ұстап көрмеген азаматты чехиялықтар дәнекерлеушіге үйретіп, жақсы айлық беріп жүрген.

Егер сварщикті Қазақстаннан оқып келгенімде бір миллионнан артық пайда табар едім,

депті танысы.

Чехияда мұнай-газ жоқ болса да, кез келген қаласында ағаш шығаратын, қағаз шығаратын, темір өңдейтін, мал азығын дайындайтын зауыт көп. Барлық зауыт әрдайым жұмысшыға зәру.

Руслан Меделбектің айтуынша, Чехияда зауыт, фабрика олигархтардың қолына шоғырланбаған. Зауыттарының жұмысы ашық. Зауыт, фабрикалар жұмысшы керек болса алдымен жұмыс жайлы еңбек министрлігінің ресми базасына шығарады, базаға шыққан жұмысты чехтар екі ай ішінде алмаса шетелдіктерді шақырады.

Елде құрылыс та көп, құрылысшы да керек. Көктем мен күзде егіс жұмыстарына «маусымдық жұмысшылар» деп тағы да шетелден жұмысшы іздейді. Мұндай жұмыстардың көбіне украиналық ер адамдар келетін. Соғыс басталып, ер адамдар Украинадан шыға алмай қалған соң жемістер шіріп жатыр деп Өзбекстан азаматтарына жұмыс квотасын көбейткен,

дейді ол.

Соған қарамастан, бұл жалақыға да көңілі толмайтын жұрт бар, кейбірі Чехияны тастап, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канадаға кеткісі келетін көрінеді. Бірақ Қазақстан мен Чехияда жұмыс істеуді таңдау керек болса, Чехияда қалуды таңдайды. Себебі айлық 1000 еуродан жоғары, жұмысшы ретінде құқығы қорғалған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago