Цифрлық теңгенің бірден бір артықшылығы – ол интернетсіз жұмыс істей береді. Яғни, қалада да, дала да қолжетімді. Бұл туралы экономист Мақсат Халық Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресінде айтты, деп хабарлайды Kazinform.
Сарапшының сөзінше, цифрлық теңге есеп айырысудың үшінші түрі болады. Оны қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да пайдалануға мүмкіндік бар.
Цифрлық теңге – уақытында енгізіліп жатыр. Өйткені, көрші алпауыт мемлекеттерде енгізілуде. Атап айтар болсам, Қытай мен Ресейде. Осы тұста біз де қалып қалмауымыз керек. Сондықтан да, дәл уақытында қолға алынды деп ойлаймын. Пайдалы тұстарына келер болсақ, ең алдымен көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға ықпал етеді. Себебі, бізде көлеңкелі экономика қолма-қол ақшамен жүріп жатыр. Ақша айналымы цифрланған сайын, экономикада қаржының мөлдірлігі, тазалығы сақталады. Мемлекеттік сатып алулар, цифрлық теңге арқылы жүзеге асатын болса, ашықтықты қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ мемлекетте арнайы төлем цифрлық теңге арқылы жасалады. Оның тиімді тұсы ақшаның талан-таражға кетпеуіне ықпал етпек. Киберқауіпсіздікке де әсер етеді,
дейді Мақсат Халық.
Айтуынша, цифрлық валютамен интернет-эквайринг мобильді қосымшасы арқылы пост-терминалдар мен QR-кодтарды қолдана отырып, төлем жасауға болады.
Тағы бір артықшылығы интернетсіз қолдануға болады. Яғни, қалада да, дала да қолжетімді. Күнделікті біз қолданып жүрген төлем жүйелерімен салыстырғанда цифрлық теңге интернет болмаса да, бір емес, бірнеше транзакцияны қатар жасауға мүмкіндік береді,
дейді ол.
Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер конгресінде «Цифрлық теңге» жобасы іске қосылғаны хабарланған болатын.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…