Categories: Маңызды

Циндао: Қазақстанның сорлап отырған кәсіпкерлері

Ал Қытайға ол тіпті проблема емес, Қазақстан олар үшін тым кішкентай.

Іnbusiness.kz авторы Жанат Ардақ осы проблеманы өте жақсы жазған. Жазылған мәліметтерден Dala Inside порталы өз комментарийін берген екен.

Мәселе мынада. Қытай Ресей бағыты қиындағаннан кейін, Еуропаға баратын барлық теміржол транзитін Қазақстан арқылы, оның ішінде теміржолмен алып келіп, ары қарай ТМТМ (Транскаспий) арқылы айдауда. Ал Қытайдағы Қазақстанның өзіне баруы тиіс контейнерлермен ешкім айналысқысы да келмейді. Оларға Қытай трафиктен орын бермей отыр.

Қаптаған қазақстандық компания дәрменсіз жағдайға жетіп, өндірісін тоқтатуға шақ қалды. Себебі олардың қызметін жалғастыру үшін қажетті жүктер қытайдың Циндао портында қаңтарылып тұр. Ол тауарлардың тізімі ұлан-ғайыр: мұнайшылар, құрылысшылар, өндіруші кәсіпорындар жұмысшылары мұқтаж болып, күтіп отырған қысқы арнайы киімнен бастап, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары қажетсінетін қант, пальма майы сияқты өнімдерге дейін бері өте алмауда. Жалпы алғанда, Циндао теңіз портына қызмет көрсететін Чжаочжоу теміржол станциясында әрі-сәрі күйде дағдарған контейнерлердің саны кейбір бағалаулар бойынша 6 мың бірліктен асып кетті. Оның 600-і – биылғы шілдеден бері сонда жатыр,

деп мәлімет береді eldala порталының басшысы Сергей Буянов.

Мысалы, «Рахат» компаниясы қант тиелген 200-ден астам контейнерін бір ай бойы әкете алмай отыр. Coca-Cola компаниясы да 8 мың тонна қантын зарыға күтіп жүр.

Біздің Қытайдағы серіктестеріміздің айтуынша, ҚХР теміржолдары үшін Қазақстан арқылы Еуропаға транзитпен өтетін қытайлық жүктерді жөнелту басымдық болып табылады. Салдарынан, Қазақстанға арналған қытайлық және басқа елдердің жүктері әрі ысырыла береді. Қазақстанға арналған жүктерді тіпті теміржол құрамына тиемейді де,

деді Coca-Cola компаниясының өкілі Фархат Сейітов.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Бейжіңдегі өкілі Ерік Әубәкіровтың мәліметінше, олар Қазақстанның Қытайдағы елшілігімен бірлесіп, қытайлық портта тұрып қалған қазақстандық жүктердің толық тізімін жасап, пысықтауда. Бірақ олардың жуық арада елге кіретініне сенім аз. Жүк ағынының еселеп артқаны сонша, енді Қытай инфрақұрылымы шыдамауда. Мамандар қарқынды тасымал нәтижесінде рельстер балқып, деформацияланып, ауыр жүктерді тасуға жарамай қалуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан жүк ағыны баяулайды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі еш амалы қалмағандықтан, отандық жүк тасушыларды басқа логистикалық маршруттерді таңдауға үндеді.

СІМ дерегінше, осы тұрғыда ҚХР-дегі ахуал тұрақсызданды, Циндао портынан жүк жеткізудің кешігуі тек жиілейді. Ведомство отандық кәсіпкерлерден қытайлық басқа порттарға, Ляньюньганға бағдарлануға кеңес берді. Ол жерде Қазақстанның төл терминалы да бар.

Бірақ бизнес бұндай шешімге келіспей отыр. Олар логистика қымбат болады, тағы басқа сылтау тауып, Ляньюньганға барғысы келмейді. Ол жерде ешкім оларды шектемес еді. Циндаодағы жағдай сондай болып тұр. Жағдайды түсінудің, пысықтық танытып, логистиканы алмастырудың орнына біздің кәсіпкерлер Сыртқы істер министрлігінің жүйкесін жұқартудан басқа амал таппаған.

Сол баяғы «бер, бер» деп жылана беруден өздері де шаршамаған сияқты. Енді олар Қытайдың транзитін тоқтатып тастауды сұрап отыр. Қытайға сес көрсетіп, шантаж жасап, Циндаодағы мәселені шешіп алмақ. Бірақ Қытайға шантаж жасаса, бір аптадан кейін Қазақстан экономикасы толық құлайтынын өздері түсіне ме?

Сыртқы істер министрлігі, біздің Қытайдағы елші де кәсіпкерлердің контейнерлері жазылған тізімдерді тоқсан сайын Қытайға тасып, ондағы шенеуіктерге жалынып, жалбарынып, әбден абыройларын шашып бітті. Бұл бизнестің өзі шешетін, логистикалық мәселе еді. Ляньюньганда біздің қазақстандық терминал тұр. Оны не үшін аштық?

Мемлекетке әбден еркелеп алған отандық кәсіпкерлердің бүйтіп бизнес жүргізгеннен көрі, жабылып қалғаны әлдеқайда дұрыс. Және Үкіметті адамдар жұмыссыз қалады деп қорқытудың да қажеті жоқ.

Бизнес жасай алмайсың ба, онда ең дұрысы — өзіңді де, мемлекетті де қинамай нарықтан кету керек.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago